Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заманауи ханшайымдар қалай өмір сүреді

Дина Әбдул Әзіз Әл Сауд – Сауд Арабиясының ханшайымы. Ол даңқты тегімен және мінсіз стилімен танымал.

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Динаның өз дүкені бар. Ол – сүйікті жар, үш баланың анасы. Бұл ретте заманауи ханшайымның салтанатты өмірінен деректер ұсынамыз.

Шығыс ханшайымы даңқты тегімен ғана емес, мінсіз стилімен көпшілікке танымал. Ол қымбат киімдер киіп, әйгілі брендтердің аксессауарларын ғана алады.

2006 жылы Дина Эр-Рияд қаласында эксклюзивті сәнді киімдер сатылатын дүкен ашқан. Дүкенге ханшайымнан шақырту алған жандар ғана кіре алады.

Шығыс ханшайымы өз дүкені үшін тек мұсылман әйелдердің мәдениетіне сай киімдер таңдап алады.

Мысалы сәнгер Diane Von Furstenberg-тің көйлегі Динаның киім дүкені үшін арнайы өзгертілген. Тізеден келетін қысқа көйлектің ұзындығы тобыққа жететіндей етіп қайта ойластырылған.

Көптеген сәнгерлер шығыс ханшайымының табынушысы болып табылады. Динаның той көйлегін дарынды сәнгерлердің бірі Azzedine AlaÏa тіккен.

Кристиан Лабутен Динаның құрметіне өзі шығаратын туфлилердің біріне шығыс ханшайымының есімін берген.

Ханшайымның сүйікті аксессуарлары – Charlotte Olympia ұсынатын кітап-сөмке.

Дина саудтық ханзада Әбдуләзиз бин Насыр бин Әбдуләзиз Әл Саудқа тұрмысқа шыққан.

Ерлі-зайыптылардың бір қызы мен егіз ұлдары бар.

Динаның отанында қоғамдық орындарда мұндай киіммен жүрген әйелдер жазаға тартылады.

Десе де кей саудтықтар заңды елей бермейді.

Оқи отырыңыз:

Суреттегі жасырынған жануарларды таба аласыз ба?

500 теңгенің дәмді түстігі: Алматы әкімін әжуалаған суреттер (фото)

БҚО-да полицей куәгерлердің көзінше ер адамды ұрып-соқты (видео)

Дәрігер сараптама жүргізу үшін 106 науқасты әдейі өлтірген

Талқылау