Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Заман» тобының әншісі Мәдинаның туған күніне ән сыйлады (фото)

Бүгін қазақ эстрадасындағы ерке қыздардың бірі – Мәдина Сәдуақасованың дүние есігін ашқан күні. Барша қазақ жұрты, оның ішінде эстрада жұлдыздары Мәдинаны туған күнімен құттықтауда.

13696712_635984473242513_1631928056_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуық арада әнші жеке концертін өткізбек. Қазір ол күн-түн демей, шығармашылық кешіне дайындалып жатыр. Тіпті, Мәдина сол үшін Ұлықпан Жолдасовтың студиясында түнеуге мәжбүр екендігін айтып қалды.

14134829_1177270108996991_1778265308_n

Садуақасованы ең бірінші болып Ұлықпан Жолдасов пен «Заман» тобы құттықтаған. Мәдинаның құшағына әрең сыятын гүлдермен қатар, «Заман» тобының әншісі Ерген халықтың ерке қызына ән сыйлады. Бұл туралы Мәдина өзінің желідегі парақшасында жазды. Сонымен қатар, Мәдина әнші үшін ең бағалы сыйлық ән екенін тілге тиек етті.

14128834_1276050969101873_1064446314_n

Мәдинаға арнап «Асыл досым» деп ән салған Қарақат құрбысын құттықтады.

«Құдай бере салған Мадикошым! Туған күнің құтты болсын! Мен үшiн сенiң орның бөлек, бағаң биiк. Жүрегiммен құрметтеймiн, талантыңды мойындаймын, сулулығың мен талғамыңа тәнтiмiн, адамгершiлiгiңдi бағалаймын.Сен бриллиантсың! Жылдар өткен сайын жалт-жұлт етiп жарқырап, жайнап түрленiп келесiң… Басыңдағы бағың баянды болсын! Алдағы үлкен концертiңе сәттiлiк тiлеймiн!» – деді ол.

14262847_1663502803965586_630216624_n

37 жасқа толған Мадинаның Ануар есімді бір ұлы бар. Әнші 2014 жылы «Хабар» телеарнасының режиссері Олжас Смағұловқа тұрмысқа шыққан болатын. Олжас Мәдинадан 6 жасқа кіші.

Жіберіп алмаңыз:

Мадина Сәдуақасова жаңа бейнебаянында алғаш рет биледі (видео)

Мәдина Сәдуақасова ұлына гольф ойнауды үйретті (видео)

Мәдина Сәдуақасова Түркияны тікұшақпен аралады (фото, видео)

Сәдуақасованың ұлы махаббат туралы “телехикаяға” түсті (фото)

Талқылау