Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зағип келіншекке жанарын қайтарған дәрігер емнің қалай әсер еткенін өзі түсінбей отыр

Америкалық Ванна Белтон есімді келіншек зағиптар қатарына қосылған жерінен  офтальмологтың арқасында қос жанары қайтадан жарық дүниені көре бастаған. Қуанышты жаңалықтың мәселелі тұсы көп. Себебі жасалған ем тек жартылай заңды, қарама-қайшылық көп.

көрді

Бұл туралы National Geographic сайты жазған.

Ванна Белтон  2009 жылы көздегі жүйке тамыршаларының қабынуы салдарынан қос жанарынан бірдей айрылған еді.  Ол өмірінің соңғы жеті жылында көшеге  шыққанда, асхана мәсірінен тамақ таңдағанда тек өзгенің көмегіне жүргінуге мәжбүр болған. Енді ол қос жанары оралғаннан кейін жол жиегіндегі ереже белгілері мен көлік номеріндегі сандарды көре бастаған. Тіпті жарық дүние бұлдырап көріне бастаған сәтте далаға шығып, бірнеше көшедегі жарнама қағаздарын оқып, екі сағатқа жуық уақытын сыртта қалай өтіп кеткенін сезбей қалғаны жайлы айтады.

Әйелдің көз жанарын қайтарған дәрігер Джеффри Вайссом  Ванна Белтонның ағзасындағы бағаналық жасушаны пайдаланған. Жасушаны әйелдің ми сүйегінен алып, оң көзінің ішкі тор қабатын , сол көздің көру талшықтарымен қосқан.

« Қайтадан әріптер мен сандарды көре бастаған кезімде, бір ауданды аралап барлық  жол жүру ережесінің белгілерін оқып шыққан шығармыз»,-дейді  Белтон Baltimore Sun басылымына берген сұхбатында.

Осы сәттен бастап келіншек қаланың ішінде ешкімнің жетегінсіз жүре алатынын деңгейге жеткен.

Дәрігер Вайсстың   америкалықтардың дәрілерді  сертификациялау жүйесін меңгеріп алғаны таң қалдырар жайт. Ол ғылыми мойындалмаған жобаны алдымен жануарларға бірнеше мәрте тексеріп, тәжірибе жасап көрген. Осыдан кейін барып 278  адамға бірден ота жасаған. Әрине адамның өз ағзасынан алған талшықтарды, медициналық препарат деудің өзі әбестік.

Дәрігер жасаған тәжірибелердің 60 пайызында жануарлар мен адамдардың көру қабілеті қайта іске қосылған. Бірақ дәрігер осындай деңгейдегі нәтижеге қол жеткізгенін көзі көргенімен, оның қалай жүзеге асырылғанын өзі түсінбейді. Онда адам ағзасынан алынған бағаналық жасуша  көз торларын «жандандырғаны» немесе  көз жанарындағы өлі клеткалардың орнын толтырғанын түсіне алмаған.

Емі қалай әсер еткені белгісіз болғанымен офтальмолог алдағы уақытта өз тәжірибесін жалғастыратынын айтып отыр. Ванна Белтон алдағы уақытта  көзінің жасушаларын ауыстыру емін тағы бір рет алмақшы. Дәрігер өз кезегінде одан қандай нәтиже алары белгісіз екенін ескертіп те қойған. Әрине көз жанарын қайтару мүмкіндігі берілген кезде мұндай жағдайда отырған адамдардың көпшілігі тәуекелге бел буары анық.

 

 

Талқылау