Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Юрий Шатунов алғаш рет әйелі мен балаларын көрсетті

Юрий Шатунов әйелімен 2000 жылдың желтоқсанында Германияда танысқан. Әншінің жары Светлананың танымалдар әлеміне ешқандай қатысы жоқ, мамандығы бойынша заңгер. Өзі ел алдына шыққанды аса ұнатпайды.

Бұл туралы trust-women.ru-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

2006 жылдың қыркүйегінде жұптың Дэннис атты ұлы дүниеге келді, ал 2007 жылы Юрий мен Светлана некелерін заңдастырды.

“Үйімнен қарағанда, уақытымның көп бөлігін Ресейде өткіземін. Бірақ бұл менің отбасыммен араласуыма кедергі келтірмейді. Ғаламтор, телефон, скайп бар. Одан қалса үйіңе екі сағатта жеткізіп салатын ұшақ бар”, – дейді Юрий.
2013 жылдың наурыз айында Юрий мен Светлананың екінші сәбилері Эстелла дүниеге келді.

Юрий Шатунов отбасымен бірге біресе Германияның Мюнхен қаласында, бірде Мәскеуде тұрады. Бұған дейін әнші отбасына қатысты сұрақтардан басын ала қашып;

“Психикалық ауытқушылығы бар адамдардың жақындарымды мазалағанын қаламаймын. Оның үстіне, бұл әйелімнің өтініші. Светлана танымал болғанды ұнатпайды. Оның үстіне әлеуметтік желіде үйленгенімді біле тұра ғашықтық хаттарын жазатын ессіз адамдар отырады. Яғни әйелімді көрсетсем де пайдасы жоқ секілді”, – дейтін.

 

 

Ал бұл жолы Шатунов әйелі жайлы ағынан жарылып сұхбат берді.

“Менен: “Бір көргеннен болатын махаббатқа сенесіз бе? Жалпы ол мүмкін нәрсе ме?” деп жиі сұрайды. Мүмкін деймін. Себебі бұл жағдай менің басымнан өтті. Біз Германияда, Жаңа 2001 жылы таныстық. Қонақ үйде кездейсоқ көз түйістіріп қалып, ғашық болдық”, – дейді Юрий.

Бір көргеннен ғашық болса да, Юрий сүйіктісіне бірден үйлене салған жоқ. Жұп таныстықтан кейін 7 жылдан соң шаңырақ көтерді. Бұл шақта Юрий мен Светлананың бір ұлдары бар еді. Жас жұбайлардың тойы Германияда өтті.

Ал бүгінде Шатунов өзіне екі перзент сыйлаған әйеліне дән риза. “Светлананы кездестірген менің жолым болды”, – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Мультимиллионер Мадоннаны ұшақтың эконом-класынан көрген жұрт таңырқап қалды

Той жасаудың қиындығын түсінген Арман мен Аша әріптестерінен кешірім сұрады (фото)

Жұғысты болсын: Аша Матай Жазира Байырбековаға ерекше сый жасады (видео)

Мүгедек балалардың көңілін көтерген Ернар Айдар елдің батасын алды (видео)

Талқылау