Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Юрий Красножан Қазақстан футбол құрамасының тренерлігінен кететін болды

Юрий Красножан мен Қазақстан футбол құрамасы арасындағы келісім бойынша ешқандай нәтижеге қол жеткізбеген соң, ол келісім уақыты аяқталысымен, жаз айында, қызметінен кететін болды.

737068-9323297-640-360

Бұл туралы Stan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Юрий Красножан бұрын “Спартакпен”, мәскеулік “Локомотивпен”, “Анжи” және Ресейдің екінші құрамасымен жұмыс істеп, 2014 жылдан бері Қазақстан құрамасын басқарды. Қазақстан құрамасымен келісім 2 жылға бекітіліп, тағы екі жылға созылуы мүмкін болатын.

Ресейлік тренердің жетекшілігімен қазақстандық құрама А тобында 5-орын алып, 2016 жылғы Еуропа чемпионатына өте алмады.

Басылымдардың мәліметінше, Юрий Красножан мен Қазақстан футбол құрамасы арасындағы келісім бойынша ешқандай нәтижеге қол жеткізбеген соң, ол келісім уақыты аяқталысымен, жаз айында, қызметінен кететін болды.

Қазан айында тренердің өзі Қазақстан құрамасымен әлі де жұмыс істегісі келетінін, алайда кейбір келеңсіздіктердің туып отырғанын айтқан болатын.

Талқылау