Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Юрий Гагариннің әйелі мен қыздарына жазған жан тебірентер хаты

Көк жүзіне ұшуға екі күн қалғанда Юрий Гагарин әйелі Валентина мен қызы Лена және Галяға хат жазып қалдырған. Ол өзін өте қауіпті іс күтіп тұрғанын және ол істің сәтті аяқталуына ешқандай да кепіл жоқ екенін сезген. Бірақ, ол батыр болып оралды.

preview-650x341-98-1460439263

Бұл туралы adme.ru хабарлайды.

Алайда бұл хатты Валентина 7 жылдан соң ғана оқыды. Бұл кезде Гагарин 1968 жылы 27 наурызда әуе апатынан қайтыс болған еді.

“Сәлеметсіңдер ме сүйікті Валечка, Леночка және Галочка! Мен сендерге хат жолдап, өзімнің басыма бұйырған қуанышпен бөліскім келеді. Бүгін үкіметтік комиссияның шешімімен мен ғарышқа ұшатын болдым. Білесің бе Валя, мен қатты қуаныштымын, сендердің әр кез менің қасымда болған кездерің де қуат сыйлайды. Мемлекет мен секілді жәй ғана адамға үлкен тапсырма жүктеп, көк жүзіне самғатқалы отыр. Бұл – тарих! Бұл – жаңа кезең!Менің иығымда өте үлкен жүк тұр. Мен бірер күннен соң өте алысқа кетем, бірақ сендерді жанымда деп сезінемін.
Мен техникаға сенемін. Ол сыр бермейді деп үміттенемін. Мені үлкен қауіптер күтіп тұруы да мүмкін. Егер, мен бірдеңеге ұшыраған күннің өзінде де еш өкініп, өмірлердіңді қиындатпаңдар. Ешкім де алдында не тосып тұрғанын білмейді. Қыздарыма қара, өзіңді сақта. Өзіңнің арың қалай дұрыс деп есептесе, солай өмір сүр. Жеке өміріңді дұрыс жолға сала біл.

Мен саған ештеңені міндеттемеймін. Мына хат сондай мұңды болып бара жатқан секілді. Бірақ, күндердің күнінде оқырсың, мүмкін оқымассың, бірақ, ойымдағы дүниелерді айтып кеткім келеді. Бала кезімде Чкаловтың “Болсаң тек бірінші бол” деген сөзін оқып едім. Міне, мен сол межеге ұмтылып келе жатырмын. Бұл сапарымды жаңа қоғам, коммунизм, біздің ұлы Отанымыз үшін арнағым келеді. Бірнеше күннен соң қайтадан бірге, бақытты болып отырамыз деп ойлаймын.

Валя, менің ата-анамды да ұмытпағайсың, егер мүмкіндігің болса оларға да көмектесіп тұр. Оларға менен сәлем айтып, бұл туралы айтпағаным үшін кешірім сұрашы. Міне, әңгімем де тәмамдалды. Сау болыңдар, жақындарым. Сәлеммен сендердің әкелерің Юра.

Талқылау