Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Юлияға мың алғыс: Министр Қазақстанның алғашқы жүлдесіне пікір білдірді

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанның қоржынынына алғашқы жүлде сыйлаған Галышеваны құттықтады. Ол Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада алаңында жүріп, қуанышымен бөлісті.

«Дәл қазіргі сезімім мен әсерім, әрине, Қазақстан үшін үлкен мереке болғандықтан, ғажап. Өйткені, фристайл могул секілді спорттың күрделі түрі елімізде енді дамып келеді. Юлияға мың мәрте алғыс білдіремін. Бұл оның және барша Қазақстанның жеңісі. Еліміз жасасын! Алға, Қазақстан», – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, барлық қатысушылар жеңіске лайық.

«Әрине, бірінші рет бақ сынап жатқандар мен біздің тәжірибелі Рейхерд, Полторанин секілді спортшыларымыздың бәрі жоғарыдан көрінуге лайық», – дейді министр.

«Бұл үлкен бақыт. Бұл менің парызым, менің жұмысым», – деді ол.

Жарыс алаңында жүрген министр Facebook парақшасына бірнеше бейнежазбасын даа жүктеген.

  Тағы оқыңыз:

Қысқы Олимпиада-2018: Қазақстан құрамасы 11 орында

Алғашқы медаль: Юлия Галышева Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарындағы төмен нәтиже үшін кешірім сұрады

Олимпиада жарыстарының кестесіне өзгерістер енгізілді

Талқылау