Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Юлия Галышева: Маған азаматтығымды ауыстырып, өзге ел атынан сынға түсуге ұсыныстар айтты

Юлия Галышева өзіне азаматтығын ауыстырып, өзге ел атынан сынға түсуге ұсыныстар айтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пхенчхан қаласында баспасөз мәслихаты өтті. Оған ХХIII қысқы Олимпиадада қола жүлдегер атанған Юлия Галышева қатысты.

“Маған осыған дейін Канададан, Ресейден ұсыныстар болған. Мен азаматтығымды ауыстырып, өзге елдің атынан сынға түсуге келіспедім. Алдағы уақытта да болмайды”, – де атап өтті ол. Ал өз кезегінде фристайл могулдан ұлттық құраманың бапкері Елена Круглыхина: “Юлияға азаматтығын ауыстыру туралы ұсыныс Сочи Олимпиадасының алдында сөз болған», деген сырдың бір ұшығын шығарды.

Тағы да оқыңыз:

Жас ақын Сара Назарбаеваға өлең арнады

Алматы облысында ауыл жастары ақша жинап, тұрмысы төмен 25 отбасыға көмір алып берді (фото, видео)

Елімізде тұрғындар несие рәсімдегені үшін комиссия алған банктермен соттасып жатыр

Талқылау