Yuframe тобы: Ресей азаматшасы бізге “қытайлықтардан да жаман шошқасыңдар” деп тіл тигізді

Бүгінгі күні әлеуметтік желілердің арқасында еліміздің жұлдыздары, танымал тұлғалары күнделікті тұрмыстағы оқиғаларымен бөлісіп, қарапайым халыққа бір қадам болсын жақындай түсуде. Мысалы, Yuframe  атты жастар арасындағы танымал вайнерлер тобы   Telegram желісіндегі парақшасында  Ресейдегі саяхаты туралы жазып, оқырмандарының ішек-сілесін қатырды. Stan.kz ақпараттық агенттігі олардың көрші елде  қандай қызықты жағдайға тап болғанын оқып шығуға кеңес береді.

Еліміздің жастарын күлкілі видеолары арқылы қуантып, бүгінгі күні Қазақстандағы ең танымал вайнерлердің қатарына кіретін Yuframe тобының Мәскеуге алғашқы саяхаты:

“Қаланың ортасында орналасқан пәтерімізге кіріп, әрқайсымыз заттарымызды реттеп, орын-орнымызға орналастық. Мәскеудегі жергілікті вайнерлермен кездесіп, олармен достасып та үлгердік. Кейін қартайғанда Мәскеуге осылай келгенбіз деп осы шақты мәз болып есімізге алып отырармыз деп ойладық. Бірақ шындығына келгенде барлығы біз ойлағандай болған жоқ. Бірінші күні мейрамханаға барып, қарнымыз тойғанша стейк жеп алдық. Сөйтіп ақша үнемдеу үшін келесі күндері тез дайындалатын тағаммен тамақтандық. Сосын Мәскеуге келгенімізді естіген “Муз-тв” теларнасының бас директоры Арман Дәулетияров бізді кешкі асқа шақырды. Сәнденіп киініп алып, ол кісімен кездесу үшін такси ұстап, жолға шықтық. Айтпақшыдай біз бесеуміз, сондықтан таксиге мінгенде міндетті түрде біреуді тіземізге алып отырамыз.

Арманмен тамақтандық, артынша бірге Қызыл Алаңға барып демалып қайттық. Сосын Әсем атты досымыз бізді өңкей байдың балалары демалатын жерге көңіл көтеруге шақырды. Таксиге отырғанымызға бар болғаны 10 минут қана болды, кенет таксист бізге “келдік” деді де, әкеліп тастағаны үшін 5000 рубль (25 мың теңге) сұрады. Әрине, біз оның бізді алдап тұрғанын түсіндік, бірақ ешнәрсе демей, ақшаны бердік де түсіп кеттік. Бір қызығы, біз клуб орналасқан жерге жету үшін тағы да 10 минут жаяу жүрдік. Жақсы демалдық. Бірақ ертеңіне Карина ауырып қалды, бүкіл таңертеңгі уақытын жуынатын бөлмеде өткізді. Дәл сол мезетте пәтерімізге екі әйел келіп, бізге дауыс көтеріп, пәтерді 10 минуттың ішінде босатуымызды сұрады. Сосын Лия атты сол әйелдердің біреуі : “Сендер қытайлықтардан да жамансыңдар, шошқалар”, — деп бізге тіл тигізді. Ауырып отырған Карина әйелдің осы сөзін естіп, бөлмеден атып шығып, оны сотқа беретінін айтты. Әрине, ешқандай сот болған жоқ. Біз пәтерді босаттық, Қазақстанға қайтқанға дейін Мәскеудегі достарымыздың үйінде болдық”, — дейді Yuframe тобы.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар