Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыстықкөлде қазақстандық пансионаттарды жауып тастады

Ыстықкөлде 10 пансионат және 3 қазақстандық пансионат экологиялық заңнамаға сәйкес жабылды.

file_1309509052_257756231

Сурет: comode.kz 

Бұған дейін Ыстықкөлдегі Қазақстан пансионаттары Қырғызстан меншігіне өтуі мүмкін екендігі хабарланған.

Пансионаттың жабылуына қатысты шешімді мемлекеттік экологиялық техникалық инспекциясы «экология талаптары мен техникалық заң бұзушылықтарға» қатысты шығарған.

Оған негізінен қажетті құрылымдардың жоқтығы техниканың және экологиялық, энергиетикалық, өрт қауіпсіздігі құралдарының жеткіліксіздігі себеп болған.

Ыстықкөл бойынша мемлекеттік экологиялық техникалық инспекциясының мемлекеттік инспекторы  Урмат Бектұрғановтың айтуынша, аталған орындар 2016 жылы демалушыларды қабылдай алмайды. Егер қабылдайтын болса, пансионат басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Сонымен қатар тазарту құрылымдары бар жабық демалу аймағына қарасты «Ақ-Жол», «Кооператор», «Махеня», «Алмаз жағалауы», «Алтын Трэбас», «Қырғыз Таңы» мен «Манас» әуежайы да жабылуы мүмкін.

Сондай-ақ, Сәтбаев атындағы КазНТУ оқу орнына тиесілі «Самал» жабық демалу үйі, қазақстандық «Гарос» ЖШС мен «Олимп» пансионаты да жабылды.

Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстанда қазақстандықтардың тіркеусіз жүру мерзімін қысқартпақ

Талқылау