Ыстықкөлде екі ауылдың тұрғындары қазақстандық туристер үшін төбелесіп қалды

Сәрсенбі, 29 Маусым , 2016 10:47

Қырғызстанда Ыстықкөл облысының екі ауылы туристер үшін жаппай төбелеске барды. Алайда төбелес барысында ешкім зардап шекпеген.

ымым

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Оқиға 27 маусым күні кешкі уақытта Садыр Әке мен Қашат ауылдары тұрғындарының арасында болған. Олар келген туристерге кім қызмет көрсетеді деп сөзге келген. Ақыры ауызша ұрыстың соңы төбелеске ұласыпты. Оқиға орнына келген полицейлер жағдайды бірден реттей алмай, ақыры көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болыпты.

Ауылдар орналасқан Григорьев сайы Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында Шолпан-Ата қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан.

2015 жылы Қазақстаннан Қырғызстанға 2 миллионға жуық турист барған. Туризм департаментінің мәліметінше, қазақстандықтардың басым бөлігі жазғы уақытта демалыс орыны ретінде Ыстықкөлді таңдайды екен. Ал басқалары тау-шаңғы базаларына, велосипедпен серуендеуді, альпинизммен айналысуды қалаған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар