Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан ауыр атлеттеріне Олимпиадаға қатысуға рұқсат берілді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2016 жылғы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

4a4583934969972ccf7098ef2e7d0d2b

Сурет: shalkarfm.kz 

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) ресми бекіткен тізімге әлемнің 91 елінен 260 ауыр атлет енген.

Қазақстаннан Олимпиадаға сегіз ауыр атлет қатысады: бес ер адам – Арли Чонтей (56 келіге дейін), Фархад Харки (62 келіге дейін), Нижат Рахимов (77 келіге дейін), Денис Уланов (85 келіге дейін) және Александр Зайчиков (105 келіге дейін) және үш әйел – Маргарита Елисеева ( 48 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін) және Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін).

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан зілтеміршілерінің Олимпиадаға қатысу-қатыспауы белгісіз болып келген болатын. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 11 спортшысы допингпен ұсталған Болгария құрамасын жарыстан шеттетті. Сондай-ақ, допинг дауына ұшыраған жеңіл атлетикадан Ресей құрамасы да жазғы Олимпиадаға қатыспайды.

Ауыр атлетикадан барлығы 15 медальдар жиынтығы ойналады.

Олимпиада ойындары -2016 Рио-де-Жанейрода 5-21 тамыз күндері өтеді.

Жіберіп алмаңыз:

Олимпиадаға баратын ауыр атлеттердің есімі белгілі болды

Ильинді масқаралаған қазақстандық ауыр атлет Седовтың өзі де допинг дауына ілікті

Тойшан Бектеміров: Ауыр атлетикадан олимпиададағы бар үміт Денис Улановта

Талқылау