Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыстық көлде әкесі 13 жасар қызын екінші рет зорламақшы болған ер адамнан құтқарып қалды

Қырғызстанның Ыстық көл облысында 13 жасар жасөспірімнің әкесі қызын екінші рет зорламақшы болған азғыннан құтқарып қалды.

Ыстық көлде әкесі 13 жасар қызын екінші зорлықтан құтқарып қалды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға екінші шілде күні Ыстықкөл облысының Жеті-Өгүз ауданында болды. Белгісіз ер адам 13 жасар қызды автокөлікке отырғызып, оған балмұздақ сатып алып берген. Ол қызды, осылай алдап, оны екінші рет зорлауға тырысқан.

Қызын 42 жастағы еркектің көлігінен тауып алған әкесі ер адамның үстінен арыз жазып, полицейлерге шағымданды. Қыздың айтуынша, дәл сол адам оны бір күн бұрын үйінде жалғыз қалған кезде зорлап кеткен. Алдын-ала мәлімет бойынша, күдікті жәбірленушінің отбасы жалдаған үй иесінің ұлы.

Осы оқиғадан кейін күдікті қамауға алынды. Оның үстінен «Кәмелетке толмағанды зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, бұл іске қатысты қажетті сараптама тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау