Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыстамбұлда шолақ шалбар үшін әйелді соққыға жыққан еркек қамауға алынды

Шолақ шалбар киген әйелді соққы астына алып, қамаудан босаған Ыстамбұл тұрғыны желідегі наразылық толқыны үшін қайта тұтқындалды.

Zhenskie-shorty

23 жасар қыздың қоғамдық орында шолақ шалбар кигеніне ызаланып, автобуста соққыға жыққан Түркия азаматы Абдулла Чакыроглыны Ыстамбұл полициясы екінші қайтара тұтқынға алды, – деп хабарлайды РИА Новости Hurriyet газетіне сілтей отырып.

Бұған дейін түркиялық БАҚ Чакыроглының А. есімді азаматшаны автобус ішінде соққы астына алғаны жөнінде хабарлаған. Оған қыздың ислам қағидасына сай емес, ашық киімі сеп болған еді. Ол қыздың денесіне зақым келтіруіне байланысты айыпталып, қамауға алынғанымен, артынша прокурор санкциясымен бостандыққа шықты. Әлеуметтік желілерде оның қамаудан босатылуына байланысты наразылық толқыны меңдегеннен кейін, «қоғамда алауыздық тудырғаны» үшін деген айыппен дүйсенбі күні қайта тұтқындалды. Соққы нәтижесінде зардап шеккен әйел де зәбір көрсеткен адамның бостандықта жүргеніне наразылық білдірген.

 

Талқылау