Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұшқышсыз ұшатын аппараттар қайда?": Депутат Асқар Маминге сауал жолдады

Парламент Сенатының депутаты Төлеубек Мұқашев ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнен «ұшқышсыз ұшатын аппараттардың» есебін сұрап, депутаттық сауалын жолдады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Мамин

Оның айтуынша, 2019 жылы 15 сәуірде Минск қаласында ҚР Парламент Сенаты мен Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Республика Кеңесі арасында инновациялық саладағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі кіші комиссияның алғаш отырысы өткен.

Екіжақты кіші комиссияның отырысында Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасының өзекті мәселелері талқыланған. Сол кезде қазақстандық мемлекеттік органдар тарапынан толық пысықтауды қажеті ететін Қазақстандағы «ұшқышсыз ұшатын аппараттарды» бірлесе отырып өндіру туралы мәселесі көтерілген. 

«Екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы «Жол картасына» қарамастан, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ базасында «ұшқышсыз ұшатын аппараттарды» сатып алу және оларды өндіруді ұйымдастыру мәселесі бір жарым жыл бойы шешімін тапқан жоқ. Одан басқа, беларусь әріптестеріміздің ақпараты бойынша осы мәселеге қызығушылықты кезекпен Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Қарағанды облысының әкімдігі білдіріп отыр, мұндай жағдай мәселенің шешілуін қиындатады. Біздің тарапымыздан аталған мәселе бойынша бірыңғай пікірдің болмауы және бейқамдық орын алып отыр», - деді Мұқашев Үкімет басшына жолдаған сауалында. 

Депутат осы жобаны іске асыру барысында орын алған жағдайдағы мәселенің басын ашуды, қажет болған жағдайда жобаны іске асыруда тиісті көмек көрсетуді сұрады.

Талқылау