Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұшқыш ауруханада жатыр: Министр SCAT ұшағының неге апатты жағдайда қонғанын түсіндірді

ҚР Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрі Роман Скляр Үкімет кулуарында 3 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонған SCAT әуе компаниясының ұшағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

«SCAT әуе компаниясы ұшағының апатты жағдайда қонуына өзіндік себеп бар. Әуе кемесінің жоғары эшелонындағы салонда саңылау пайда болған. Бұл оқиға бәрімізді алаңдатады. Экпиаж мүшелері өздерінің кәсібилігінің арқасында әрекет етіп, ұшақты қалыпты режимде қондырды. Тексеру жұмыстары біткен соң нақты қорытындысын хабарлайтын боламыз», - деді Скляр.

Министр әуе кемесіндегі екінші ұшқыштың  ауруханада жатқанын атап өтті. Дегенмен жағдайы жақсы.

Еске сала кетсек, 3 мамыр күні бортында 5 экипаж мүшесі мен 42 жолаушысы бар SCAT әуе компаниясының ұшағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайына апатты жағдайда қонған еді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр