Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

YouTube және Facebook экстремистік бейнежазбаны бірден бұғаттайды

Әлемдік ірі YouTube бейнехостинг мен Facebook әлеуметтік желісі эстремистік бейнежазбаларды бұғаттаудың автоматты жүйесін қолдануды бастады.

0

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Агенттіктің атап өтуінше, автоматты жүйе “Ислам мемлекеті” тобының лаңкестері жүктейтін насихаттық бейнежазбаларды немесе басқа да осындай материалдарды тез бұғаттайды.

Бұл технология әуелде авторлық құқықпен қорғалған контентті іздеу немесе жою үшін жасалған болатын. Жүйе файл хешін іздейді, ол интернет-компанияның тиісті хешін ішіндегі файлдарымен қоса автоматты түрде жоя алады.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, оны жасаушылар бұғаттаудың автоматты жүйесін өткен аптада ірі интернет-компанияларға таныстырған.


Жіберіп алмаңыз:

Бұрынғы визажист Facebook компаниясының белді қызметкеріне айналды (фото)

Facebook компаниясы пайдаланушыларына посттары үшін ақша төлемек

Facebook MSQRD қосымшасын әзірлеген беларустық компанияны сатып алды

Facebook желісі лаңкестікпен күресті күшейтеді

Талқылау