Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

YouTube алғаш рет Чемпиондар Лигасының және Европа лигасының финалын көрсетеді

BT Sport каналының ақылы телеарнасы өз тарихында алғаш рет еврокубоктық матчтардың финалын тікелей эфирде тарататын болды.

photo_184424

Сурет eurosport.ru

Бұл туралы “Чемпионат.com” хабарлайды.

Екі финалдық матч осы каналдың жазылушылары үшін тегін көрсетілмек. Швейцариядағы “Санкт-Якоб Парк” стадионында өтетін Европа лигасының финалында 18 мамыр күні “Ливерпуль” мен “Севилья” жолықса, Италияның әйгілі “Сан-Сиро” стадионындағы Чемпиондар Лигасының финалында қос мадридтік клуб “Реал” мен “Атлетико” кездеседі.

“Біз осы арқылы үнемі әлеуметтік желілер мен мобилді құрылғыларды пайдаланатын спортты жақсы көретін жастардың телеарнаға деген қызығушылығын оятқымыз келеді. Қос финалдық бәсекені де өзге әлеуметтік желілер контентіндегі сападан да жоғарғы деңгейде таратамыз деп жоспарлап отырмыз”, – дейді BT Sport каналы жетекшілерінің бірі Джон Петтер.

Талқылау