Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

YouTube ақылы онлайн-ТВ кабелдік сервисін ұсынбақ

YouTube интернет-видеохостингі Unplugged деген атаумен ақылы сервис қызметін ұсынып, желі қолданушыларына түрлі кабелдік арналарды көрсетпек. Яғни, телеарналар интернет жүйесі арқылы транслияцияланады.

тиам

Сурет olegnorin.com

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Сервис видеохостингтің ең бір ұтымды жобасы болмақ. Жоба бойынша жұмыстар 2012 жылдан бері атқарылып келеді. Әсіресе, соңғы айлар ішінде процесс жылдамдай түскен. Unplugged жобасы 2017 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. YouTube бұл жоба тұрғысында NBCUniversal, Viacom Inc, Twenty-First Century Fox Inc және CBS Corp сынды ірі медиа-компаниялармен де кеңінен ақылдасып талқылаған.

YouTube қазірдің өзінде YouTube Red атауымен ақылы жазылымды жүргізіп жатыр. Бұл қолданушылардың видеоны жарнамасыз көруіне мүмкіндік береді.

YouTube видеохостингі 2015 жылдың қазанында Alphabet холдингіне кірген Google корпорациясына тиесілі.

Талқылау