Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық банк бірнеше несиесі бар азаматтарға несие беруге шектеу қоймақшы 

Қазақстанның Ұлттық банкі бірнеше несиесі бар азаматтарға несие беруге шектеу қоймақшы. Бұл ереже қаржы нарығын және микроқаржылық қызметті реттеу және дамыту туралы заң жобасында қарастырылған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Заң жобасына енгізілетін түзетулердің екінші блогы қаржы нарығын республиканың президентіне есеп беретін реттеу және дамыту жөніндегі агенттік арқылы реттеуді кеңейтуді көздейді. Яғни, ломбардтар, кредит беретін компаниялар және онлайн несие берушілер агенттікпен бақыланады. 

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың мәліметінше, қазір Қазақстанның әрбір үшінші азаматында несие бар және олар банкке орташа есеппен 800-900 мың теңге қарыз. Ал, көпшілігінің басында бірнеше несие бар. Ақпаратқа сүйенсек, тұтынушылық несиелердің жалпы сомасы 4 триллион теңгеден асып кеткен.

«Біздің басты мақсатымыз – тұтынушыларды қорғау. Заң жобасында осы ұйымдардың әрқайсысының қолданыстағы бизнес-үлгісіне өзгерістер енгізу қарастырылмаған. Тек белгілі бір қызмет түріне тән тәуекелдерге байланысты талаптарды енгізеді», - деді заң жобасын мәжілісте таныстырған Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Смоляковтың айтуынша, қазір микроқаржы ұйымдар қарызы бар және қаражатты қайтаруға кепілдік бермейтін адамдарға несие береді. Сонымен қатар, мұндай ұйымдар өз шығындарын несиелер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемемен өтейді.

Егер заң парламентпен мақұлданатын болса, барлық шағын қаржы ұйымдары  азаматтардың кредиттік тарихы туралы мәліметтер базасына ие болады. Сондай-ақ, олардың төлем қабілеттілігін бағалап болғаннан кейін ғана өздерінің қызметі туралы ақпаратты кредиттік бюроға ұсынатын болады.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр