Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлының есімін атады: 27 жыл бойы комада жатқан әйел есін жиды

Германиялық клиникада 27 жыл бойы комада жатқан пациент есін жиды. Ол ояна салысымен ұлының есімін атапты.

Ұлының есімін атады: 27 жыл бойы комада жатқан әйел есін жиды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

БАӘ тұрғыны Мунира Абдулла 1991 жылы көлігімен келе жатқанда мектеп автобусымен соқтығысқан. Көлікте оның ұлы Омар Вебер де болған екен. Анасы ұлын өзінің денесімен жауып, құтқарып қалады. Нәтижесінде бала жеңіл жарақат алған. Ал анасы бас сүйек-ми жарақатын алыпты. 

Мунира жергілікті ауруханаға жеткізіліп,артынша нақты диагноз қойылу үшін Лондондағы клиникаға ауыстырылған. Дәрігерлер әйелдің комаға түскенін, алайда ауруды сезініп жатқанын айтыпты. Артынша оны БАӘ-ге қайтарып, көптеген жыл бойы түтік арқылы тамақтандырып, физиотерапия жасаған. 

2017 жылы Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Заид бұл отбасындағы жағдай туралы біліп, Мунираның Германияда ем алуы үшін жағдай жасап, ақшасын төлеп берген. Арада бір жыл өткеннен кейін Мунира түрлі дыбыс шығара бастаған. Тағы бірнеше күн өткеннен кейін есін жиып, ұлының есімін атапты. 

Бүгінде әйел отбасымен бірге Әбу-Дабиге қайтып келген. Ол толықтай сауығу үшін ем алуды жалғастыруда. 
 

Талқылау