Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Эйр Астанадан" миллиард теңге өндіріп алмақ болған жолаушы сотта жеңіліп қалды

“Эйр Астана” моральдық шығын ретінде алматылық Арман Қожасбаевқа миллиард теңге төлемейтін болды. Мұндай шешімді Түрксіб аудандық соты шығарып отыр.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

“Кеше Арман Қожасбаевтың азаматтық шағымын қарастырған сот аяқталды. Нәтижесі бойынша шағым түсірушінің өтініші қанағаттандырылған жоқ”, – деп хабарлады әуе компаниясының корпоративтік коммуникация бойынша менеджері Тілек Әбдірахымов.

Ал шағым түсірушінің заңгері Евгений Сейпульник болса қайта шағым береміз деп отыр.

“Біз Жоғарғы сотқа дейін барамыз. Сейсенбіге дейін мәтін түріндегі шешімді күтеміз. Сосын қалалық сотқа қайта шағым түсірмекпіз”, – дейді ол.

Арман Қожасбаев былтыр жазда әйелі мен қызына интернет-сервис арқылы әуе билетін сатып алған. Алайда олар тіркеу кезінде сатып алушының банк картасының түпнұсқасын көрсете алмай және авторизация кодын айта алмағандықтан “Эйр Астана” олардың ұшуына рұқсат бермейді. Алматылық билет алуға 291 мың теңгесін жұмсаған екен. Ол үйіндегілерді Тбилисидегі демалысқа жіберу үшін қайтадан билет сатып алады.

Кейін әуе компаниясы жағдайға байланысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, кредиттік картаны заңсыз пайдалану карта иесі үшін де, әуе компаниясы үшін де үлкен қауіп. “Эйр Астананың” сайтында жарияланған ережеде интернет алаяқтыққа түсіп қалмас үшін клиенттен банк картасының түпнұсқасы талап етілетіндігі көрсетілген.

Сотта Қожасбаевтың өкілдері тасымалдаушының келісімді бұзуы мен алаяқтықты анықтауы әуе компаниясының құзіретіне кіретін-кірмейтінін білуге тырысты. Әуе компаниясының өкілі болса ешқандай келісімді бұзу орын алмағанын, билет сатып алар кезде әуе компаниясының талабымен кез-келген жолаушының мұқият танысу керектігін айтты.

Тағы да оқыңыз:

Шынымен қазақтар қысым көріп отыр ма?: Депутат Сағынтаевтан Қытайдағы қандастардың жағдайын сұрады

Қарағанды облысында иті иесіне адамның бас сүйегін тауып әкелген

Алматыдағы ХҚКО тұрғындар туралы мәліметті өзгелерге заңсыз таратқан

Талқылау