Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Эйр Астана” жамылғыларды ұрлап кете береді деп жолаушыларды кінәлады

“Эйр Астана” әуе компаниясы жолаушылардың жамылғы жетіспеушілігіне қатысты таққан сынынан кейін жауап берді.

46398664-4356-4c76-a317-afb5cafada54

Бұған дейін адамдар әлеуметтік желіде ұшақ бортында жамылғы жетіспейтінін айтып шағымданған еді. Әуе компания өкілдерінің айтуынша, кейбір жолаушылардың жамылғыны өзімен бірге алып кетуіне байланысты осындай оқиғалар жиілеп кеткен.

“Осы жазда жамылғы жетіспеушілігіне байланысты “Эйр Астана” жолаушыларынан кешірім сұрайды. Әр рейстен соң жамылғылар санитарлық тазалаудан өткізіліп, қайтадан жасақталып, жолаушыларға ұсынылады. Әр рейс аяқталған соң жамлығыны бортта қалдыру керек. Өкінішке қарай, кей жолаушыларға біздің жамылғылар қатты ұнайтын болса керек, өздерімен бірге алып кетіп қалады. Сол кезде бізде жамылғы жетіспеушілігі туындайды, ал қосымша сатып алуға уақыт кетеді”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы жолаушылардың жеке жолға арналған заттарын алып кете алатынын, ал жамылғыларды қалдыру керектігін түсіндірді.

Оқи отырыңыз:

Балалар үйі басшылығы 14 жылдан кейін ата-анасына оралған қыздың тағдыры туралы айтып берді

Қытайда туыстары қамалған қазақтардың арызы жиіледі

Той серуенінде тікұшақпен жүріп елді дүрліктірген жас жұбайлардың кім екені белгілі болды

ІІД: Алматыда ұсталған элиталық жезөкшелер ЖОО студенттері болып шықты

Талқылау