Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Эйр Астана» ұшағы ұшу жолағынан неліктен шығып кеткені анықталып жатыр

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Оқиғаларды тексеру департаменті Алматы әуежайында «Эйр Астана» ұшағы неліктен ұшу-қону жолағы аумағынан шығып кеткенін анықтап жатыр.

Бұл туралы ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті хабарлайды.

«Эйр Астана» әуе компаниясы хабарлағандай, Алматыдан Бангкокке ұшып шыққан ұшақ ұшу-қону жолағы аумағынан шығып кетіп, тұраққа сүйреп әкелінді.

«Ұшақ сағат 01.47-де тұтқаны бұру кезінде ұшу-қону жолағы аумағынан шығып кетті. Кейін әуе кемесі ангарға сүйреп әкелінді. Ұшақ ауыстырылды. Аталған рейстің барлық жолаушысы Бангкокке аттанды. ИДМ Оқиғаларды тексеру департаменті мән-жайды анықтап жатыр”, — деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Сонымен қатар ведомство Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы ашылғанын мәлімдеді. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр екен.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да тергеушілер өз баласын өлтірген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартуда

Ақтөбеліктер суға батқан адамды құтқарудың орнына, телефон камерасына түсіріп тұрған

Сәтпаевта ағасын қорғамақ болған қыз полициейлерге тап беріп, ұрып тастады (видео)

Алматыда Range Rover көліктерінің жүргізушілері «мақтаншақтығы» үшін жазаға тартылды

Талқылау