Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эйр Астана Түркияға ұшудан бас тартқан жолаушыларға ақшаларын қайтарып бермек

“Эйр Астана” әуе компаниясы Ыстамбұлдағы терактіден кейін, Қазақстан-Түркия бағытында ұшудан бас тартқан жолаушыларға толықтай билет құнын қайратып беретіндіктерін жариялады.

fff

Сурет matritca.kz

Сейсенбі күні Ыстамбұлдағы Ататүрік атындағы халықаралық әуежайдың үш жерінде, кіреберісте, шығаберісте және халықаралық терминал тұрағында жергілікті уақыт бойынша 22.00-де жарылыс болды. Соңғы деректер бойынша, 36 адам қайтыс болып, 147-сі жараланған. ҚР СІМ оқиға кезінде зардап шеккендер мен жараланғандар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді. Turkish Airlines пен “Эйр Астана” әуе компанияларының ұшақтары сейсенбі күні кешке Қазақстанға қарай жарылыс болардан аз уақыт бұрын ғана ұшып кеткен екен.

“Түркияға барудан бас тартып, “Эйр Астанадан” билеттерін қайтарып алатын жолаушыларға әуе компаниясы толықтай дерлік еш айыппұлсыз билет құнына сәйкес ақшаларын қайтарып береді. Бұл ретте жолаушылардың ұшу уақыты мен ұшу бағытын өзгертулеріне (үстеме ақша қосып) мүмкіндік бар. Бұл Ыстамбұл және Анталияға 2016 жылдың 15 шілдесіне дейін қатынайтын рейстерге байланысты”, – делінген әуе компаниясының хабарламасына.

“Эйр Астана” мәліметі бойынша қазіргі таңда Ыстамбұлдағы әуежай өз жұмысына қайта кіріскен.

“Қауіпсіздік шараларының күшейтілуіне және әуе компаниясының бақылауына байланысты жолаушылардан ұшу уақытынан 3 сағат бұрын келулері ескертілуде. Әуе компаниясы жағдайды мұқият бақылап, бірінші кезекте жолаушылар мен экипаж мүшелері қауіпсіздігін бақылайды”, – деп атап өтілген хабарламада.

Талқылау