Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Эйр Астана» екі бірдей ұшақ ақауын кездейсоқтық деп атады

Ұшпай қалған екі рейстің жолаушыларын межелі мекендеріне жеткізу үшін Мәскеу және Астана арқылы қосымша нұсқалар қарастырылған. Алайда көпшілік тікелей бағыттағы рейсті күткен. Нәтижесінде 47 жолаушы 7 қаңтар күні, қалған 95 адам 8-і күні ұшқан.

 

80_main

Бұл туралы informburo.kz хабарлайды

«6 қаңтарда ұшуы тиіс болған «Санкт-Петербург – Алматы» бағытындағы 136-шы рейстің 142 жолаушысының тек 34-і 7 қаңтар күні 776-шы рейспен Мәскеуге ресей әуе жолы арқылы жеткізілді. Ал одан әрі қарай “Эйр Астана” тасымалдаған. Петербургтан Астанаға, әрі қарай Алматыға «Аэрофлот» арқылы 13 жолаушы 7 қаңтар күні жеткен. Ал 136-шы рейске тиесілі (6 қаңтар) қалған жолаушылар бүгін кешке Мәскеу арқылы ұшпақ», – деп Air Astana әуе компаниясының менеджері Тілек Әбдірахимов informburo.kz тілшісіне хабарлаған.

 
Ал әуе компаниясының өкілдері ұшақтардың ұша алмау себебі техникалық ақаулардың орын алуына байланысты дейді. Бір тәулікте екі бірдей ұшақтың уақытында ұша алмауын компания басшылығы кездейсоқтық деп атады.

 
«Кез-келген ұшақ бұзылуы мүмкін. Ақау пайда болса қандай машина болса да, тоқтап қалады. Бұл жәй ғана кездейсоқтық. Біздің ұшақтар ескі емес, жаңа», – дейді менеджер Тілек Әбдірахимов.

 
Әуе компаниясының өкілдері, барлық жолаушылардың күткен уақытында оларға ас-ауқат жеткізіліп, бірнеше сағаттарға созылған күту сәтінде мейлінше жайлы жағдай жасағандарын жеткізді.

 
Ертеректе «Эйр Астана» ұшақтарының бұзылуы себепті жолаушыларын Алматыға жеткізе алмайтындарын айтқан болатын. Санкт-Петербургтан әуеге көтерілуге тиіс ұшақтың ұшу уақыты, техникалық ақаудың әсерінен бірнеше сағатқа шегеріліп, нәтижесінде ақыры ұшпай қалған еді. Келесі 7 қаңтар күні дәл осы бағыттағы сол рейсте ұшақ ақауы себепті ұша алмаған.

Талқылау