Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Эйр Астана» әуе компаниясының Еуроодақ елдеріне ұшыруларына қатысты барлық шектеулер алынып тасталды

2015 жылғы 10 желтоқсанда Еуропалық комиссия ЕО-қа ұшу қауіпсіздігінің Тізімін жаңартты. Оған сәйкес ЕО елдеріне ұшуға тыйым салынған авикомпаниялар тізімінен

news1447151745

«Эйр Астана» әуе компаниясы алынып тасталған, деп хабарлайды ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінен.

Бұдан бұрын бұл әуе компаниясына ЕО елдеріне ұшу бағдарларының географиясын кеңейтуге шектеу қойылған болатын, «Эйр Астана» 2009 жылғы шілдеге дейінгі (ИКАО-ның аудитіне дейін) белгіленген мекендерге ғана және ұшып жүрген әуе кемелері түрлермен ғана ұшуға құқылы болатын.

2014 жылы әуе компаниясынан ұшу географиясын кеңейту жөніндегі шектеулер алынып тасталған болатын. Осы жолғы жаңартылған тізім бойынша барлық шектеулер, оның ішінде әуе кемелерін пайдаланатын түрлеріне шектеу қою да алынып тасталды.

ЕО-тың көлік жөніндегі комиссары Булк ханым алты жылғы жұмыстың нәтижесінде әуе компаниясының ЕО-ға ұшу қауіпсіздігінің тізімінен алынып тасталғанына қанағаттанғанын білдірді.

ЕО-тың ұшу қауіпсіздігінің тізімін Еуропалық комиссия аталмыш Еуроодақтың әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырады. Мұндай тізім алғаш рет 2006 жылы Еурокомиссияның № 474/2006 Ережелер жинағы негізінде жарияланған болатын. Тізімге еуропалық сарашылардың пікірінше авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәселелерін тиісті дәрежеде шешпей жүрген әлемдегі коммерциялық авиакомпаниялар, сонымен бірге Еуропалық одаққа мүше елдердің кез-келгенінің әуе кеңістігінде болуға тыйым салынған ұшақтар енгізіледі. ЕО-тың ұшу қауіпсіздігінің тізімінде бұрынғысынша 19 қазақстандық авиакомпания қалып қоюда.

 

Талқылау