Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эротикалық арман-қиялыңызды шындыққа айналдыру жолдары

Төсекте өзгеше әсер алып, жаңа әрекеттер мен қалыпты байқап көргіңіз келгенімен, күйеуіңізге айтуға қысыласыз ба? Шетін мәселе болғанымен, оның да өз шешімі бар.

s00d166459fsc7sc7a055286o710o1dl

Әрине, көптеген әйел артық сөзсіз-ақ күйеуінің өздігінен түсінетініне сенеді. Өкінішке орай, еркек атаулының барлығы сәуегей емес. Олардың пікірінше, төсекте әйел ыңқылдаса, демек ерекше ләззатқа бөленгені. Мұнан соң өздерін тамаша көңілдес деп біледі. Сондықтан тән жақындығында әлдене ұнамайтын болса, не жаңа леп әкелгіңіз келсе, ашығын айтуыңызға тура келеді. Төсек қатынасы екі тарапқа да ләззат сыйлауы тиіс.

Мәселені бүге-шігесіне дейін талқылау

Қозғауға «ыңғайсыз» тақырыптарды жыныстық қатынастан соң ғана талқылаған жөн. Десе де құмар шөліне қана салысымен бірден әңгімеге кірісудің қажеті шамалы. Араға 15-20 минут салып, екеуіңіздің де өздеріңізге келгеніңізді күтіңіз.

Жұмсақ әрі нәзік болыңыз. «Мен сенімен ашық сөйлесуім керек», – деген сынды тіркестерді қолданбаңыз. Олар еркектердің шамын келтіреді әрі әңгіме басталмай-ақ қашқақтай бастайды. Ең алдымен қошемет сөздерінен бастаңыз. Сүйіктіңіздің мақтауға тұрарлық тұстары аз емес шығар? Мұнан соң ойыңыздағыны жалғастыруыңызға да болады: «Және мен сенің мынадай-мынадай әрекеттер жасағаныңды ұнатамын…» немесе «Тағы да мен мыналарды байқап көргім келеді …». Осылайша әңгіменің ұшығын бастап алғаннан кейін, ойыңыздағы тізімді жалғастырыңыз. Бірақ ер адамдардың ым-ишараны түсінбейтінін ұмытпағайсыз. Мәселені айналшықтамай, сөз төркінін ашық айтыңыз. Бұл ретте сөзіңізге қалжың араластырып немесе еркелей сөйлеңіз. Сіздің қалауыңыз азаматыңызды ынтықтыратыны сонша, арманыңызды бірден жүзеге асыруға асығуы да мүмкін.

Көрсетіңіз. Егер қатты ұялып, тіліңіз күрмелетін болса, сүйіктіңіздің қолын алып, күткен әрекеттеріңізді көрсетіңіз. Артынша бәрін өзі-ақ жалғастырады.

Ойнаңыз. Сүйіктіңіздің бұрынғыдан өзгерек, ерекше аймалағанын қалайсыз делік. Ым-ишарамен білдіруге де тырыстыңыз, ашық сөйлестіңіз де. Бірақ нәтиже жоқ. Олай болса, оған «Қайтала» ойынын ойнауды ұсыныңыз. Жұбайыңызға өзіңіз қалаған әрекеттерді жасаңыз. Мұнан кейін рөлдеріңізбен ауысыңыздар.

Хат жазыңыз. Кейде айтудан гөрі, жазу жеңіл көрінеді. Арман-тілектеріңізді хатқа түсіріп, құмар оты шарпыған хатыңызды электронды поштасына жолдаңыз. Десе де сөздік қорыңыздың жеткіліксіздігіне байланысты қиындық туындауы мүмкін. Өкінішке орай, бізде дені дұрыс интимді лексика жоқ. Бары тек медицина терминдері мен «балабақшаға арналған жұтаң сөздер» ғана. Алайда әр жұптың өздері ғана түсінетін өзіндік сексуалды сөздігі бар. Бұл сәтте соның көмегіне жүгінгеніңіз жөн.

Бәрін де талқылауға бола ма?

Мұндай ашық әңгіменің тек тұрақты серігіңізге ғана айтылары анық. Егер ер адаммен жақын арада танысқан болсаңыз, оған сексуалды қиялыңызды жайып салудың қажеті жоқ. Әйтпесе сізді дұрыс түсінбеуі мүмкін.

Егер күйеуіңіз әдептен аспайтын не қатал жан болса, сақтықтың артықтығы жоқ. Мұндай адам үлкендерге арналған ойыншықтарды қолданып көру жөніндегі ойыңызға тәнті бола қоймас. Ал эротикалық ішкиімдер үшін әдепсіз деп айыпталуыңыз да мүмкін. Алайда орынды армандарыңызды айтуыңызға болады. Тек әр сөзіңізді дұрыс таңдап, біртіндеп тілге тиек етіңіз.

Ал азаматыңыз түрлі тәжірибені ұнататын болса, ол бар ойыңызды қуанышпен қабыл алады. Оған қоса секс-дүкенге баруға да ерінбейді. Ондай адаммен ашық сырласуыңызға болады.

Дегенмен, сексологтар қиялыңыздың бәрін жүзеге асырмауға кеңес береді. Шындығында, арман – тек арман болуымен-ақ ғажап. Ол шындыққа айналғанда тартымдылығын жойып, құмарыңызды қоздыруды қояды. Сол себепті асыл армандарыңызды ішіңізде сақтағаныңыз абзал.

Армандардың да өз сыры бар

Көбіне әйелдер арман-қиялынан сескенетіндіктен, эротикалық қиялдарын сөз етуден қорқады. Алайда олардың бәрін сол қалпында қабылдаудың қажеті жоқ.

Лесбийлікке бейім қиялдар әрбір үшінші әйелдің ойына келеді, дегенмен ол жыныстық көзқарасыңыздың ауытқығанын аңғартпайды. Көбіне мұндай ойлар қандай да бір  себепті еркек кіндіктілерге  ренжіген әйелдерде туындайды. Және тағы бір себебі азаматыңыздың аймалауына қанағаттанбауыңызбен байланысты.

Зорлық элементтері бар секс – өктем әрі күшті әйелдер қиялының жемісі. Олар басымдық танытатын рөлден шаршағандықтан, ең болмаса қиялында әлсіз болып көрінгісі келеді.

Қоғамдық орындағы секс – шынайы өмірдегі тән жақындығының бірсарынды әрі зеріктірерлік сипат алғанының белгісі. Сізге ерекше әсердің жетіспейтіні анық.

 

Талқылау