Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин зейнеткерлікке шықты

2015 жылы 19 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалинді зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты атқарып отырған жұмысынан босату туралы қаулыға қол қойды.

узакбай.2jpg

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Энергетика министрлігінде министрлік басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен Ұзақбай Қарабалинді құрметті демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты жиналыс өтті», делінген баспасөз хабарламасында.

Жиында сөз алған Ұзақбай Қарабалин әріптестеріне бірлесе атқарған жемісті жұмыстары үшін алғысын білдіріп, министрлікке қазіргі таңда нақты және ауқымды мақсаттар қойылғандығын атап өтіп, қызметкерлер оны жауапкершілікпен атқаратындығына сенім білдірді.

Ұзақбай Қарабалин  1947 жылы 14 қазанда Қазақстан Республикасы Атырау облысы Ембі ауданы Қосшағыл кентінде туған. 1970 ж. И.М. Губкин атындағы мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Мұнай мен газ кеніштерін игерудің кешенді механизациясы және технологиясы» мамандығы бойынша бітірді.

Техника ғылымдарының кандидаты (Уфа мұнай институты,1985 ж).
40-тан астам мақала, кітап, 5 өнертапқыштық жаңалық авторы.

Марапаттаулары: 3-ші дәрежелі «Барыс» ордені (2005 ж.), «Құрмет» ордені (2000 ж.), «Отличник разведки недр СССР» белгісі (1988 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006 ж.), «Лидер российской экономики» ордені (2005 ж.), Қазақстан Республикасы құрметті жер қойнауын барлаушы» (2003 ж.) атағымен марапатталған.

Еңбек жолын 1973 жылы «Қазмұнайгазбарлау» басқармасы Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясының инженер-технологы болып бастаған.
1981 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (Атырау облысы), 1988 жылы «Каспиймаңыгеология» Бас аумақтық басқармасы тереңдей бұрғылау басқармасының бастығы (Орал қ.) болды.
1990 жылы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалының кафедра меңгерушісі, 1991 жылы  ҚР Президенті Аппаратының және ҚР Министрлер кабинетінің өнеркәсіп бөлімінің аға референті қызметін атқарды.
1994 жылы ҚР Энергетика және отын ресурстары министрінің, ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары, 1997 жылы «Қазақойл» ҰМК бірінші вице-президенті (Алматы қ.), 2000 жылы «ҚазТрансГаз» ЖАҚ президенті (Астана қ.) қызметтерін атқарды.
2001 жылы ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі (Алматы қ.), 2003 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті, 2008 жылы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ бас директоры, 2013 жылы ҚР Мұнай және газ министрі лауазымында болды.

Талқылау