Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Энергетика вице-министрі үй қамағына алынды

ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев үй қамағына алынды.

Бақытжан Жақсалиев

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Анықталғандай, Бақытжан Жақсалиев Бурабайдағы көлді тазарту жұмыстары кезінде жемқорлық қылмысқа барған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы энергетика вице-министрі Жақсалиевтің Щучье-Бурабай курортты аймағының көлін тазарту бойынша жұмыстарды қабылдау кезінде заңға қайшы әрекеттерін әшкереледі», – дейді Жахин.

Нұрлан Жахиннің сөзінше, Энергетика вице-министрі 2015 жылы «Аймақ және К» ЖШС мердігерлік ұйымының мүддесі үшін лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген айыпталуда. Оның актілерге заңсыз қол қойып, мердігердің есепшотына аударғаны анықталған.

Жақсалиевтің заңсыз әрекеті салдарынан мемлекетке 746 миллион теңге көлемінде шығын келген.

Қазіргі уақытта күдікті үй қамағына алынды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау