Эмоцияналды сот орындаушылар жұмыссыз қалады

Жұма, 4 Тамыз , 2017 22:10

Әділет министрлігі сот орындаушылардың жұмысын қатаң бақылауға алды. Енді азаматтарға қарай жұдырық ала жүгіретін ашулы қызметкерлерді шетінен лицензияларынан айырмақшы,-деп жазды КТК арнасы.

орындаушы

Өйткені қарызды қайтару үшін ештеңеден тайынбайтын сот орындаушылары көбейіп кеткен. Олар борышкерге дөрекі сөйлеп, тіпті баспаналарының есігін бұзып, күш қолдануға дейін барады. Жыл басынан бері осындай 900 сот орындаушы жауапқа тартылыпты. 50-нің лицензиясы тоқтатылған. Әділет министрлігіндегілер сот орындаушы куәгерсіз ғимарат немесе үйдің есігін бұзып кіруге құқығы жоқ екенін тағы ескертті.

«Әрине, әлі күнге дейін заңбұзушылықтар тыйылмай тұр. Азаматтардан түскен шағымдарды жіті қарап шығамыз.  Егер сот орындаушылардың заң бұзғаны анықталса, арнайы комиссия олардың лицензияларын тоқтату туралы шешім қабылдайды»,-дейді ҚР Әділет вице-министрі Жанат Ешмағамбетов.

Оқи отырыңыз:

Үндістан тұрғындары адасып қалған әжейді мыстан деп ойлап ұрып өлтірді

Екіқабат дәрігер өзге емделушіні босандырып, 5 минуттан соң өзі де қызын өмірге алып келді

Ер адам бұрынғы сүйіктісінің мәйітін тоңазытқышта сақтап келген

Ақтөбеде Әнұранға құрмет танытпаған сақалды жігіттер елдің ызасын келтірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар