Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эмир Байғазиннің “Төртеудің оқиғасы” фильмі Германияда Гран-при алды

Эмир Байғазиннің “Төртеудің оқиғасы” картинасы Германияда өткен Халықаралық Funf Seen Filmfest кинофестивалінде Гран-при алды. Аталған туындының халықаралық премьерасы ағымдағы жылдың ақпан айында Берлинде өткен болатын.

image

Бұл туралы buro247.kz хабарлайды.

Халықаралық Funf Seen Filmfest фестивалі – Германиядағы киноиндустрия саласының маңызды оқиғаларының бірі. Биыл әділ қазы мүшелерінің қатарына режиссер Микаэль Верхевен мен Роланд Колла және продюсер Молли фон Фюрстенберг енді.

“Біз төрт қазақстандық жасөспірімнің әлеміне енгендей болдық. Олар – мемлекеттің болашағы. Бірақ, өкінішке орай, олардың өздерінің болашағы бұлыңғыр. Фильмнің қатаң фирмалық стилі бар. Өте ерекше фильм. “Төртеудің оқиғасы” әр көрерменге әртүрлі ой салады; фильмнің басты байлығы – поэтикалық образдары”, – дейді әділ қазы мүшелері авторына жүлдені ұсынып тұрып.

Аталған туынды 11 мамыр күні Францияда, 13 мамыр күні Алматы қаласындағы кинотеатрлардан көрсетілген. Ал Американың Сиэтлінде 25 мамыр күні көрсетілді. Германияда 2016 жылдың 3 қарашасынан бастап көрерменге жол тартатын болады.


Жіберіп алмаңыз:

Шетелде “жанардың жауын алады” деп бағаланған туынды елімізде көрсетілмек (фото)

Мүмкіндігі шектеулі қазақ баласы Берлинде киносыншылардың көзіне түсті

Голландықтар қазастандық режиссердің филім түсіруіне ақша бөлді

Айнұр Ниязова: Жұрттың жүрегін айнытатындай танымал болудан қорқамын (фото)

Талқылау