Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голландықтар қазастандық режиссердің филім түсіруіне ақша бөлді

Эмир Байгазиннің «Қала үстімен» атты киножобасы голландық Хуберт Балс қорынан 10 мың еуро мөлшердегі  грантты иеленді.

j07phf2lONJV

Халықаралық қордың комиссиясы, “Қала үстімен” мелодраммасы әлем бойынша сегізінші жоба екенін айтты. Қордық қарауына барлығы 259 сұраным түскен екен.

Киноның түсірілімі 2016 жылы Алматыда өтпекші. Ал бүгінде филімнің басты рөліне кастинг жүргізіліп жатыр.

Эмир Байғазиннің фильмдері көбіне халықаралық киноқорлардың қолдауымен және Еуропа елдерінің кинокомпанияларымен бірлесіп жұмыс істеуімен шығуда. Мәселен, Эмир Байғазиннің “Жаралы періште” фильмі 5 елдің киноқорлардың қолдауымен және Франция мен Германия кинокомпанияларның атсалысуымен шыққан. Бұл фильмнің тқсаукесері 2016 жылы дүниежүзілік кинофестивальдің бірінде болады.

Ал Эмир Байғазиннің алғашқы киносы “Үндестік сабағы” Берлиндік халықаралық фестивальнің 63-і “Күміс аю” жеңімпазы болды. Және “Байқау бағдарламасының ең үздік филмі” атанды. Нәтижесінде бұл кино әлем бойынша 30 жуық  мараптқа ие болды. Тіпті, оның өзін  халықаралық кинофестивальдің әділқазылар алқасы құрамына бірнеше рет шақырылды.

Талқылау