Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Элтон Джон оққағарын сексуалдық қатынасқа көндірмегенін айтты

Британиялық әнші Элтон Джон оққағарының өзін сексуалдық қатынасқа көндірді деген шағымдарын жоққа шығарды.

Elton-John

Элтонге тиесілі “Rocket Music Entertainment” дыбыс жазу компаниясының заңгері оққағар наразылықтарының орынсыз екенін айтты. Заңгердің сөзіне сенсек, оққағардың мұндай әрекетке баруына өзіне тиесілі емес ақшаны алғысы келетіндігі себеп болған. Мұнымен қатар, оққағар сөздерінің осыған дейін берген куәлігіне қарама-қайшы екенін тілге тиек етті.

Джеффри Веннингер атақты әншінің өзінің жыныс мүшесіне қол салмақ болғанын айтып, сотқа шағымданған. Оққағардың айтуынша, әнші 2014 жылы іш киіміне үш рет қол салған.

Elton-Djon

Оққағар Элтон Джонда 2002 жылдан бастап 2014 жылдың қыркүйек айына дейін қызмет еткен. Ұзақ уақыт сенімді адамы болған азаматтың жұмыстан кетуіне не себеп болғаны әлі күнге дейін белгісіз. Мұнымен қатар, Калифорния орталық округі сотының тыңдалымы қашан өтетіні де нақтыланбаған.

Элтон Джон өзінің қызтеке екенін жасырмайды. 2014 жылы канадалық режиссер Дэвид Фернишпен заңды түрде некелескен. Әнші Фернишпен 1993 жылдан бері көңіл қосып жүрсе керек. Осы күнде суррогат ана туып берген екі ұлдары бар.

Естеріңізге сала кетсек, Элтон Джонның балаларын еңбекке баулу мақсатында, оларға мирас қалдырмайтын болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау