Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эльмира Сыздықоваға тағы бір қымбат көлік мінгізіп, миллион теңге табыс етті (фото)

Қарағанды облысы бойынша әйелдер күресі федерациясы Рио Олимпиадасының қол жүлдегері Эльмира Сыздықоваға көлік мінгізіп, оның жаттықтырушысы Владислав Сутормин екеуіне төрт миллион теңгені табыс етті.

20160902153833

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Рио-де-Жанейродағы ХХХІ Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсеткен Эльмира Сыздықованы бүгін Қарағанды облысындағы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының төрағасы Асылбек Дүйсебаев марапаттады.  Атап айтқанда, федерация атынан спортшыға Toyota Corolla көлігінің кілті табыс етілді. Бұған қоса, Эльмира Сыздықоваға федерация атынан сыйақы ретінде 1 000 000 теңге, ал оның бапкері Владислав Суторминге – 3 000 000 теңге берілді», – деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қарағанды облысыныңдағы тілшісі.

20160902153839

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерін салтанатты құттықтау шарасына спорт ардагерлері, көрнекті спорт қайраткерлері мен еңбек сіңірген жаттықтырушылар Нұрғазы Жарылғапов, Александр Мыцик, Иосиф Момцелидзе және тағы басқалары қатысқан.  Меймандар жас чемпионды айтулы жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жетістіктерді бағындырып, жаңа медальдарымен қуантуға тілектестігін білдірді. Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков спорттағы еңбегі және Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада ойындарындағы жетістігі үшін Эльмира  Сыздықоваға Toyota Camry көлігін сыйлаған болатын.

Эльмира Сыздықова – ҚР әйелдер күресі бойынша халықаралық сыныптағы спорт шебері. 2011 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2012 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы, 2014 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2015 және 2016 жылдардағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Оның жеке бапкері  – Владислав Сутормин.

Еске салсақ, қазақстандық Эльмира Сыздықова Рио олимпиадасында мысырлық Энас Мұстафаны 7:4 есебімен ұтып, қола медаль иеленді. 69 келіге дейінгі салмақ санатында бірінші орынды жапондық Сара Досо, екінші орынды ресейлік Наталья Воробьева иеленген болатын.

Бұған дейін Сыздықованың 69 килограмм салмақ дәрежесінде мысырлық Энас Мостафадан басым түсіп, қола медальға қол жеткізгенінжазған болатынбыз.

Еркін күрестен Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова алғашқы белдесуде кейін күміс жүлдегер атанған ресейлік Наталья Воробьеваға есе жіберген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Олимпиада жүлдегері Эльмира Сыздықова сары кабриолетпен Қарағандыны аралады

Олимпиадада «қола» жүлде алған Сыздықоваға пәтер сыйға беріледі

Эльмира Сыздықова: Ешқандай қуаныш сезінгем жоқ, үйіме қайтқым келеді

Талқылау