Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эллина Кульдинаны іздеуші еріктілер “күдікті” мәйітті тапты

2 жасар Эллина Кульдинаны іздеушілер белгісіз қыздың мәйітін тапты. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі істер департаменті хабарлайды.

ввм

Сурет newskaz.ru

Целиноград полиция басқармасына 20 мамыр күні жоғалып кеткен Эллина Кульдинаны іздеуші 1985, 1993 жылғы еріктілерден телефон хабарламасы келіп түскен.

“Қошқарбаев ауылына жақын маңда мұсылман зиратынан еріктілер беймәлім мәйітті тапты. Еріктілер целлованға оралған кәмілеттік жасқа толмаған қыздың денесін тапқан”, – деп хабарлайды ІІД.

“Бұл мәйітті ата-анасы 10 ақпан күні жерлеген. Кәмілеттік жасқа толмаған 2015 жылы туылған қыз ауырып қайтыс болған. Астана қаласында тұратын ата-анасы оны әжесінің қасына жерлеген”, – деп түсініктеме берді аталған мекеме.

Осыған дейін, 2 жасар Эллинаның 10 мамыр күні ата-анасымен бірге Қошқарбаев ауылына таяу маңға қыдырып келгенін, және кейінірек оның белгісіз жағдайда жоғалғанын жазған едік. Іздеу жұмыстарын еріктілер, құтқарушылар, полиция қызметкерлері жүргізуде. Полиция қыз суға ағып кетуі мүмкін дейді. Жауапсыздық танытқаны үшін оның ата-анасына айып тағылды. Іздеу жұмыстарына тікұшақ, дрон, қайық секілді транспорттар да жұмылдырылған.

Талқылау