Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Элизабет Тұрсынбаева Алматыда өтетін 2017 жылғы Универсидаға қатыса алмайды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева, 2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиада ойындарына қатыса алмайды.

2A47MPZj6tigPyG91pZNmWmAi41qLt

Сурет yvision.kz

Бұл туралы baq.kz порталы хабарлайды.

Кеше ғана ересектер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсеткен Элизабеттің Универсиадаға не үшін қатыса алмайтыны белгілі болды. Өйткені Алматыдағы жарыс уақытында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының жасы 16-да болады екен. Ал Универсиаданың шарты бойынша, жарысқа 17 жасқа толғандар ғана бақ сынай алады.

Элизабет елімізде өтетін ірі спорттық додаға қатысқысы келегенін айтады.

«Әрине, мен қысқы Универсиада ойындарына қатысқым келеді. Бірақ оған жас мөлшерім жетпейді. Дегенмен, көңіл-күйімді түсіргім келмейді. Себебі, Қазақстан әлі де талай жарыстарды ұйымдастырып, соған қатысатыныма сенімдімін»,- деді ЭлизабетТұрсынбаева.

Айта кету керек, Алматыдағы қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді. Оған 17 мен 29 жас аралығындағы студент-спортшылар қатыса алады.

Талқылау