Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эльдар Рязанов Мәскеудегі Новодевичье зиратында жерленді

Рязановты Орталық әдебиетшілер үйінде ақтық сапарға шығарып салды. Режиссердің қабірі кеңес дикторы Юрий Левитанның жанында.

ryazanov

30 қарашаға қараған түні көз жұмған режиссер Эльдар Рязанов Мәскеудегі Новодевичье зиратында жерленді.
Эльдар Рязанов 21 қарашада ауруханаға түскен. Бір жыл бұрын Бурденко атындағы нейрохирургия Институтында «ми қан айналымы жүйесінің бұзылуы» диагнозымен емделген екен.

КСРО Халық әртісі Эльдар Рязанов 30-ға жуық фильм түсірді. Олардың барлығы дерліктей кеңестік және ресейлік кинопрокаттың хитіне айналды. Режиссер 88 жасында өмірден озды.

Талқылау