Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Экстрасенстер сайысының» финалисі қазақстандықтар үшін 2016 жылға жорамал жасады

Украиналық «Экстрасенстер сайысы» шоу-бағдарламасының 15-ші маусымының финалисі Юлия Кацман ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Жаңа жылда табысты болу үшін оны қалай қарсы алу керектігі, сондай-ақ Қазақстанды бұл жылы қандай жәйттер күтіп тұрғандығы және Зодиак шоқұлдыздарының орналасу ерекшеліктері жайында әңгімеледі.

корипкелллл
Юлия, алдымен өзіңіз жайлы және астрологияға деген әуестігіңіз жайлы әңгімелеп берсеңіз.
“Мен Алматыда туып өстім, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітіріп, көп жылдар Қазақстанның батыс өңірінде техникалық аудармашы болып қызмет атқардым. Сол жақта белгілі астролог Павел Глобаның шәкірті, воронеждік азаматшамен таныстым. Содан, 2006 жылдан бастап, көріпкелдікпен айналыса бастадым. Одан әрі Павел Глобаның мектебін тәмамдадым (Авесталық астрология мектебі деп аталады). Мен негізі бұл салаға қашанда асқан қызығушылықпен қарайтынмын. Қазір, өзімнің де шәкірттерім бар. Солардың бірі – режиссер, клипмейкер Марат Свои”,-деді Юлия
«Экстрасенстер сайысы» шоуына қалай қатыстыңыз?
“Мен ерте ме, кеш пе бұл шоуға әйтеуір бір қатысатынымды білетінмін. Арнайы сауалнамаға жауап берген соң, мені ресми түрде шақырды. Ол жерде ең алдымен үлкен іріктеу шарасы өтті: 250 қатысушының ішінен 100 адам таңдап алынды. Кейін сол 100 адам «шымылдықпен сынау» байқауына қатысты. Бұл үшін барлығымызды бір орманға алып келді. Алғашында қайда алып келе жатқанын білген жоқпыз. Орман ішінде, шымылдықтың арғы жағында бір шытырман әрекеттер болып жатты. Біз не болып жатқанын барынша дәл сипаттап беруге тиісті болдық. Мен бұған қол жеткізіп, келесі кезеңге өттім. Сөйтіп, осылайша, кезең-кезеңнен өтіп жүріп, 12 финалистің қатарына іліктім. Алайда көп ұзамай өз еркіммен жобадан кеттім. Өйткені әрі қарай өте алмайтынымды сездім”,-дейді көріпкел.

Сол «Экстрасенстер сайысына» қатысқаныңызға ризасыз ба?

“Әрине, Өзімнің қабілетіме сенімім артты және өзім секілді адамдармен таныстым. Ағылшын тілін білетінімнің көп пайдасы тиді. Өйткені, онда ағылшынтілді экстрасенстер көп болды. Солардың кейбірімен бірлесіп, эстрада жұлдыздары және экстрасенстердің қатысуымен шоу-бағдарлама ұйымдастырсам деген ниетім бар”,-деді Юлия.

 2016 жылға да аяқ бастық. Мешін жылы табысты болуы үшін, оны қалай қарсы алу керектігі жөнінде қазақстандықтарға қандай ақыл-кеңестер берер едіңіз?

“Қызыл Жалынды Мешін жылын қызыл түсті киіммен қарсы алу керек. Бұл жерде қызыл, күлгін және ақшыл көк түсті реңдер де бола береді. Бірақ, қара немесе сұрғылт түсті киімдер киюдің қажеті жоқ. Бұл Отты Мешінді ренжітуі, тіпті ашуландыруы мүмкін.
Үй жабдығы да сәйкесінше болғаны жөн. Мешін жалтырап, жайнап тұрғанды жақсы көреді. 2016 жыл – Қызыл Жалынды Мешін жылы болғандықтан, сәйкесінше, дастарханда міндетті түрде майшам, қолшам болуы керек. Мешіннің көңілін аулау үшін үстелге ішіне банан, апельсин, ананас секілді тропикалық жемістер салынған ваза қойған да артықтық етпейді.
Мешін әдемілікті жақсы көреді, сондықтан жаңа жылдық дастарханды ерекше жасампаздық ниетпен әзірлеген дұрыс. Оған түрі, формасы және дәмі де ерекше тағамдар қойылғаны жөн. Әдемі жасалған дастархан және ерекше ықыласпен әзірленген тағамдар – 2016 жылдағы бақыт пен сәттіліктің символы! Жалпы, нақтысын айту керек, Жаңа жыл қытайлық күнтізбе бойынша 8-ші ақпанда енеді”,-деді көріпкелү

Жалпы, еліміз үшін қандай болжам айтар едіңіз?

“Жұлдызнама бойынша Қазақстанның айы – Мерген. Өйткені тәуелсіздік күнін 16-шы желтоқсанда атап өтеміз ғой. Қазір Мерген шоқжұлдызында Қоңырқай, яғни Сатурн ғаламшары басымдыққа ие. Бұл шектеулік ғаламшары. Ол зодиактың әрбір белгісіне де 2,5 жыл тұрақтайды. Демек, ол Мерген шоқжұлдызынан кетпейінше, біздің елде уақытша қиындықтар болуы мүмкін. Қоңырқай ғаламшар Мерген белгісіне 2014 жылдың желтоқсан айында енген болатын. Енді тек 2017 жылдың маусымында шығады”,-деп болжайды көпіакел.
Ал жұлдызнама бойынша зодиактың әрбір 12 белгісіне қандай жорамал айтар едіңіз?

“Мен негізінен жорамалымды Есекқырған, яғни Күн жүйесінің бесінші ғаламшары – Юпитерге сүйеніп айтамын. Жалпы, Юпитер – үлкен бақыттың ғаламшары. Қазір ол Бикеш шоқжұлдызында орналасқан. Алдағы тамыз айында Таразы шоқжұлдызына ауысады. Сәйкесінше, қазір тамыз айына дейін барлық құрлықтық белгілер: Бикештердің, Тауешкілердің, Торпақтардың жолы болады.
Негізі, Есекқырған Бикеште тұрған шақта кәсіпкерлікпен, жалпы қажырлы еңбекпен айналысатындарды сәттіліктер күтіп тұр. Өйткені, Бикеш жалқауларды ұнатпайды. Ол медицинаны және инженерлік істі жарылқайды және бизнеске жауап береді. Сондықтан, осы салалардың өкілдерінің бағы жанып, жолдары болады. Есекқырған, яғни Юпитер Таразы шоқжұлдызына өткен соң, неке тойларын өткізе беруге болады. Астрологияда Таразы некеге жауап береді. Бұл тұрғыда аспандық белгілер: Егіздердің, Суқұйғыштардың және Таразылардың ісі оңға басады.
Көптеген Таразылар, мысалы 2016 жылдың алғашқы жартысында жаңа әсерге, ғашықтық сезімге бөленуі мүмкін. Ал қысқы айларда оларды өмірге перзент әкелу қуанышы күтіп тұр.
Суқұйғыштар үшін бұл жыл мейлінше сәтті және өнімді жыл болады.
Бикештер жұмыста және басқа да салаларда шамасы келмейтін жауапкершіліктен бойларын аулақ ұстағандары жөн. Одан да алдарына кішігірім болса да нақты мақсаттар қойған дұрыс. Олардың жүзеге асуына кепілдік мол.
Егер от белгілерінің тобына келер болсақ, олар үшін мынадай жағдай қалыптасып отыр: Тоқтылардың тамыз айына дейін жолы болады және оларды осы жылдың алғашқы тоқсанында қаржы жағынан сәттіліктер күтіп тұр, кейін шаңырақ құруға да жол ашылады. Арыстандар тамыз айына дейін жақсы табыс таба алады, ал кейін оларды алыс жолдар күтіп тұр. Мергендерге тамыз айына дейін мансапқа жетуге, мансабын жоғарылатуға оңтайлы жағдай туындайды, ал кейін даңққа бөленіп, шаңырақ көтеруге мүмкіндік ашылады.
Ал су белгілеріне келсек, Балықтарға тамыз айына дейін неке құруларына, ал кейін несие алуға немесе қаржы секторында жұмыс істеулеріне болады. Шаяндарға тамыз айынан кейін жылжымайтын мүлік сатып ала берулеріне болады. Бұл белгілердің өкілдері биыл өткен жылға қарағанда жиі іс-сапарға шығады, саяхат жасайды.
Сарышаяндар тамыз айына дейін өздерінің өмірлік жарын кездестіре алады, ал кейін тылсым әлемді зерттеулеріне немесе қайырымдылық шаралар ұйымдастыруларына болады”,-дейді Юлия.

Алдағы мерекелерге байланысты қазақстандықтарға айтар тілегіңіз..

“Қазақстандықтарға әрине мықты денсаулық, бақыт, береке-бірлік, ашық аспан және шыдамдылық тілеймін. Түптеп келгенде барлық қиындықтар уақытша ғана дүниелер!”,-деп қорытындылады сөзін көріпкел.

Әңгімеңізге көп рахмет!

Талқылау