Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО құрылысынан 78 млрд. теңге үнемдеген Есімов елбасының алғысына бөленді

Бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО құрылысына тек қана отандық компанияларды тарту қажеттігін атап көрсетті.

news1443079008

«Кеше біз «ЭСКПО-2017» мәселелерін қарастырдық. Қаржының негізгі бөлігі Қазақстанда игерілуі тиіс. Онда қолданылатын барлық бұйымдар – цемент, металл, ағаш, жиһаз Қазақстаннан болуы тиіс. Біз «пайдаға қарық» болып үйренген компанияларды таңдап алдық. Олардың әрқайсысында ымыраласқан жиһаз фабрикасы, цемент зауыты бар», – деді Елбасы.

Осы ретте Президент мұның барлығы «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының басшысы Ахметжан Есімовке белгілі жайт екенін атап өтті.

«Жарайсың, 78 млрд. теңге үнемдеп, мемлекетке қайтардың. Қазір де біздерге қажет еместерін қиып баста. Біздерге Конгресс-холл қажет емес, Астана да жеткілікті», – деді мемлекет басшысы.

Казинформ

Талқылау