Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО көрмесінің ең танымал үш павильоны анықталды

Астана қаласында өтіп жатқан “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесіндегі үздік павильон атағы Ресейге тиесілі.

2621168

Бұл туралы “Астана ЭКСПО-2017” ҰК баспасөз қызметі хабарлады.

ЭКСПО өз есігін қонақтарына айқара ашқан 10 маусымнан бері 425 377 адам көрмені тамашалаған. Баспасөз қызметінің сан айғағы бойынша, жалпы 2 миллион 774 мың 527 адам көрмеге кірген.

2623737

Ұйымдастырушылар күніне орта есеппен 24 096 адам келіп тамашалайды деп отыр. Ал 19-25 маусым аралығында 168 675 адам бас сұққан.

2623424

Ал келушілерді ең қатты қызықтырған үш павильон – Ресей, Өзбекстан, Үндістан елдеріне тиесілі екен.

2521722

Әзербайжан, Африка Плазасы, Египет, Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы корольдігі, Малайзия мемлекеттерінің павильондары да көпшіліктің қызығушылығына ие.

 

 

Талқылау