Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО көрмесіне Қазақстан павильоны әлі толық дайын емес

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаңындағы соңғы дайындық шаралары туралы мәлімдеді.

1881769

Фото: Ксения Воронина

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Қазақстан павильоны 90%-ға дайын, деп хабарлады .

“Өздеріңіз білесіздер, отандық өнертапқыштардың жобаларына біз таңдау жасадық. Оны тиісті қазылар алқасы таңдаған болатын. Қазірдің өзінде “жасыл экономикаға” қатысты өнертапқыштардың 11 өнертабысы көрмеге макет ретінде көрсетіледі. Ал басқа жобалар видеоролик ретінде паш етіледі. Қазіргі таңда видеороликтер Санкт-Петербургта дайындалып жатыр. Өткен аптада орынбасарым осы қалаға барып келді. Жұмыс тиісті деңгейде жүргізілуде. 1-2 аптадан соң видеорликтер дайын болады. Жабдықтауға қанша қаржы жұмсалғанын айта алмаймын. Алдымен жұмыс бітсін”, — деді бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Бозымбаев.

Министр көрмеге Қазақстан павильонының 90%-ға дайын екенін атап өтті. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Көрменің тақырыбы – “Болашақ энергиясы”.

Оқи отырыңыз:

ҚР азаматтығын сұраушылардан қазақ тілінен емтихан алу туралы бастаманы Үкімет қолдамады

Нұрсұлтан Назарбаев қанша жыл пәтер кезегінде тұрғанын айтып берді

Назарбаев кәсіпкерлерге қысым көрсетуді доғаруды талап етті

Астана әкімі Исекешев асықты шебер ойнайтынын көрсетіп таңғалдырды (видео)

Талқылау