Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО компаниясы жарнамалық макеттегі қатеге қатысты түсініктеме берді

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ туризм және дамыту департаментінің директоры Аллен Шайжүнісов ұлттық компанияның жарнамалық макетіндегі қатеге байланысты түсініктеме берді.

EKSPO_Shabyttan

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Айта кетейік, бірнеше сағат бұрын саясаттанушы Айдос Сарым Экспо компаниясының жарнамалық макетіндегі қатені суретке түсіріп,  Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Жарнамалық макет Алматының метросына орналастырылған екен.

Shabyttan2

«Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ «Әсер алып, шабыттан» атты ұранмен жарнамалық науқан бастады. Бұл жарнамалық макет уәкілетті мемлекеттік органдармен келісіліп, еліміздің қалаларындағы әуежайлардың, теміржол вокзалдарының билбордтарына ілінді. Ынтымақтастық аясында, макет әртүрлі мекемелерге де жіберілген болатын», – деп хабарлады ол «ҚазАқпарат» тілшісіне.

EKSPO_durysy

Бүгін әлеуметтік желіде осы макеттегі «шабыттан» сөзінен кеткен қате туралы ақпарат тараған болатын. «Бұл жағдайда, өндіріс кезінде техникалық қате кеткен. Алматы қаласының метросына ілінген макетті аз уақыттың ішінде ауыстырамыз», – деді Шайжүнісов.

Жіберіп алмаңыз:

Сарапшылар Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алатынын анықтап көрді

ШҚО-да шенеунік қоластындағы қызметкерлерін «малдар» деп атаған

Қайрат Мәми ай сайын 1 миллион теңге жалақы алатынын айтты

Депутаттар: Мұғалімдердің жалақысын мың долларға дейін көтеру керек

Премьер-министр азық-түлік бағасының қымбаттағаны үшін әкімдерге ұрысты

Талқылау