Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-дан соң азық-түлік құны қымбаттауы мүмкін бе?

Ұлттық экономика министрі ЭКСПО көрмесінен кейін барлығы қымбаттайды деген халық уайымына қатысты пікір білдірді. Тимур Сүлейменовтің сөзінше, алдағы айда азық-түлік керісінше арзандауы тиіс. Бұл туралы КТК хабарлайды.

b3d702e22c6ac6511a899a0ec29

Ал ел арасындағы әңгіме, жекелеген экономистердің негізсіз болжамы көрінеді. Олар көрме алдында да қонақтар келгенде барлығы қымбаттайды деп қара аспанды төндірген дейді Сүлейменов.

Министр, ешбір мемлекеттік мекеме дүкендегі бағаларды ұстап тұрумен айналыспайтынын алға тартып, алып-қашпа әңгімеге сенбеуге шақырды. 8 айдың қортындысы бойынша инфляция деңгейі 7 пайызды құраса, азық-түлік бағасы бойынша дефляция яғни керісінше 0,9 пайызға төмендеу байқалыпты. Және ішіп-жемнің арзандауы алдағы айда да жалғасады деп сендірді шенеунік.

“Азық-түлік себетін алсақ, керісінше бағаның төмендегенін байқаймыз. Арзандау әлі бір ай жалғасады. Біздің болжам бойынша дифляция қыркүйекте де жүреді. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігі, әкімдіктердің баяндамаларынан 19 млн тонна астық барын естідік. Нан бағасы үшін алаңдамасаңыздар болады”, – дейді
ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Оқи отырыңыз:

Елімізде азық-түлік пен ақылы қызметтер құны одан әрі шарықтап кеткен

Қазақстанда жасы 50-ден асқан азаматтар белсенді түрде ипотекаға үй ала бастады

Өзбек сумының құнсыздануы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Энергетика министрі: Қазақстанда электр энергиясы тарифтері қымбат деп ойламаймын

Талқылау