Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-дағы шикілік туралы видеоны түсіріп алған ер адам өз кінәсін мойындады (видео)

Жұмысшылардың бетонға араластырып жылу ұстағыш “пеноплекс” затын қаптап жатқанын видеоға түсіріп алған автор құрылыс алаңына материал тасымалдайтын көлік жүргізушісі екен.

2249315

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Symbol компаниясының жобалық менеджері Ахметбей Қараханның айтуынша, аталмыш видеода конгресс-орталықтың автотұрағының шатырындағы жағдай көрініс тапқан. Оның сөзінше аталмыш технология лицензияланған және құрылыс алаңына пайдалануға толыққанды сәйкес келеді.

“Біз видеоны көріп қатты таңғалдық. Бұл жоспарлы жоба, евростандарттарға сай келеді, онда барлығы америкалық материалдар. Бұл жәй қағаз немесе карбон емес, бұл 40 тонна салмақты ұстап тұра алатын полиплекс. Ол жылуды сақтайды. Біз оны конгресс-орталық автотұрағының төбесіне төседік”, – дейді Қарахан.

Ал құм, бетон және басқа да заттар ауыр салмақтарына байланысты қолданылмаған.

“Біз ол материалдардың шыдамдылығын дәлелдей аламыз. Олар үш апта бұрын төселген және ауыр көліктерді жүргізіп тексеріп көрдік. Оның ішінде өрт сөндіру мен жүк көліктері бар. Бұл мәселеде түсінбестік туындаған екен, мен аталмыш видеоны көріп уайымдағандардан кешірім сұраймын”, – деді менеджер.

Ал видео авторы 35 жастағы Вячеслав Павлюковтың айтуынша, ол қызықты жағдайды көзі шалып қалған соң, видеоға түсіріп алып достарының мессенджеріне жібере салыпты.

“Мен бұл видео осыншалықты шу тудырады деп ойламадым. Бұл біраз уақыт бұрын болғандықтан қазір телефонымда да жоқ. Кенеттен әлеуметтік желі арқылы тарап кетіпті. Мен ЭКСПО басшылығына дереу хабарласып, мәселені түсіндірдім. Өз ісім үшін кешірім сұраймын”, – деді көлік жүргізушісі.

Оқиғадан кейін оны жұмыстан шығарған, бірақ қылмыстық іс қозғалмапты. Видео 14 мамыр күні кешкілік желіде тарап кеткен болатын.

Оқи отырыңыз:

Баспанасын бұзуға келіспеген Астана тұрғынының үйі мен пәтері бар болып шықты

Қазақстанда өз пәнінен тест тапсырған мектеп мұғалімдерінің 70%-ы төмен балл жинаған

Аянышты тұрмыс: 3 мың отбасы балаларымен қоқыс арасында өмір сүруде (фото)

Қазақстанда полицейлер қағаз хаттама толтырмайтын болды (видео)

Талқылау