Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-2017 көрмесі туралы 15 мәлімет

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі 2017 жылдың 10 маусымымен 10 қыркүйегі аралығында Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы 15 мәлімет ұсынады.

халықаралық мамандандырылған көрмес

1. Қазақстан посткеңестік кеңістікте өз аумағында кең ауқымды көрме өткізу құқығына ие болған бірінші ел болды. Жалпы, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Австралия, Австрия, Бельгия, Италия, Канада, Испания, Бразилия, Оңтүстік Корея, Португалия, Германия, Қытай және Түркия сияқты елдер өз кезінде бүкіләлемдік көрме өткізген. Ал, сол тізімнің ішінде болу айтарлықтай абырой, мәртебе.

2. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі – Қазақстанның астанасы Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтті. Ал ЭКСПО-2017 көрмесінің бойтұмары Сәуле, Қуат, Мөлдір болды.

3. Көрме орналасқан алаңның аумағы 174 гектарды құрайды. Оның ішінде көрме алаңы 25 гектар, ал қалған 149 гектарда тұрғын үй ғимараттары мен инфрақұрылым нысандары тұрғызылған.

4. Үлкен аумақтағы бірнеше павильон сәулет өнерінің ерекше пішінімен салынған. Жалпы ғимараттардың барлық кешені шеңбер ретінде жасалды. Ал дәл ортасында шар тәрізді Қазақстанның «Нұр әлемі» павильоны орналастырылды. Бұл әлемдегі ең ірі шар тәрізді ғимарат, оның диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метрді құрайды. Яғни, ғимарат бірегей дизайн. Ол әлемдегі толық шар түріндегі алғашқы ғимарат.

5. Көрменің негізгі символы болып табылатын «Нұр Әлемі» шарын салу үшін 13 мың тонна метал қажет болды. Сонымен қатар, шардың беті 2800 шыны панельмен қапталған. Ал шар тәрізді ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрді құрайды. Бұл көрсеткіш төрт футбол алаңының аумағына тең.

6. Көрменің барлық нысандарын салу үшін 56 мың тонна металл және 500 мың тонна бетон қажет болды. Бұл әлемдегі екі бірдей ең биік зәулім құрылысын салуға жеткілікті.

7. «Нұр әлемі» павильонының айналасында жарты дөңгелек пішінді ғимараттар бой көтерген. Онда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдерінің стендтері орластырылды. Яғни, ол 115 ел мен 22 халықаралық ұйымның көрме стендтері.

8. Есігі үш айы бүкіл әлемге ашық болған ЭКСПО-2017 көрмесіне 3 айдың ішінде 178 елден 4 млн адам келіп, тамашалаған. Бұл әлемдегі мемлекеттердің 90 пайызы.

9. Барлық павильондарды аралауға жалпы 96 сағат кетеді. Ал көрме барысында 3500 мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ, онда бүкіл әлемнен 33 мың әртіс өнер көрсетті.

10. Әлемнің 53 елінің үкімет басшылары мен жетекшілері халықаралық көрменің құрметті қонақтары мен қатысушылары болды. Көрмеде 4500 волонтер жұмыс істеді.

11. Көрме барысында 100 миллионнан астам фотосурет жасалған. Сондай-ақ, 88 адам көрме кезінде сүйіктілеріне ұсыныс жасаған. Ал ғалымдар бұл көрмеде адамзатқа 153 ғылыми жаңалық ұсынды.

12. Өкінішке орай, ЭКСПО-2017 нысанының құрылысы ғимаратты тұрғызуға қатысқан адамдардың өлімінсіз аяқталмады. Мәселен, 2016 жылдың қаңтарында Астанадағы ЭКСПО құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшының үстіне кірпіш салынған табандық құлап кетіп, мерт болды. Ал 2015 жылдың қыркүйек айында ЭКСПО нысанының құрылыс алаңында тағы бір қызметкер қаза тапты. Бұл орталық павильонның құрылысы кезінде орын алған.

13. Көрменің тақырыбы болашақ энергиясы болғандықтан, ғимараттың ішінің бәрі жоғары технологиялы хай-тек стилінде жасалған. Шар тәрізді ғимараттың іші бірнеше деңгейден тұрады. Экскурсия лифтпен ең жоғары деңгейге көтеріліп, жоғарыдан төменге түсуден басталады. Әрбір деңгей – белгілі бір энергия түрін, күн энергиясы, ауа, суды және т.б. көрсетеді. Айта кету керек, көптеген қоршаулар мөлдір, сондай-ақ әйнектен жасалған.

14. Көрме келушілерінің көпшілігін шар тәрізді ғимараттың биіктігіндегі шыны көпір қызықтырды. Болат пен әйнек конструкция консоль түрінде жасалған.

15. Сондай-ақ, павильонның ішіндегі «Энергия дөңгелегі» аттакционы да келушілердің қатты қызығушылығын тудырды. Онда екі акробат дөңгелекті айналдырып, акробатикалық трюктерді орындады. Ал кейбір көрме экспонаттарына кез келген келуші қатыса алды. Мысалы, стендте велосипетшілер жылдамдыққа жарысып, энергия өндірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау