Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-2017-нің өз деңгейінде өтуі Астананың ауа-райына байланысты

ЭКСПО-2017-нің өз деңгейінде өтуі Астананың ауа-райына байланысты. Елорданың құбылмалы табиғаты оң рай берсе тіпті келетін туристердің саны жоспардан да көбірек болуы мүмкін. Бүгін Астанада өткен халықаралық көрмеге қатысушылардың 2-ші жиынында ұйымдастырушылар осылай деді.

1(2)

Сурет weproject.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бүгінгі жиынға әлемнің 100-ге тарта елі мен халықаралық ұйымдардың өкілі келеді деп жоспарланған еді. Ерте келген делегаттардың көбі өз туларының қасында суретке түсіп жатты. Жиын басталғанда сөз алған төралқа мүшелерінің көбі ағылшын тілінде баяндама оқыды. Әлбетте, Ахметжан Есімов те көрмеге дайындық барысын халықаралық тілде түсіндіріп берді.

“Кедендік шараларды жеңілдету және одан босату, сақтандыру сияқты артықшылықтар қарастырылған. Қазақстан бұрынғы көрмелермен салыстырғанда мұндай жеңілдіктер алатын елдердің тізімін кеңейтіп отыр”, – дейді “Астана ЭКСПО-2017” ҰК Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Соның арқасында қатысушылар саны артпақ. Оның үстіне, ұйымдастырушылар ЭКСПО-2017 өтетін 3 ай жазда құбылмалы табиғаттың тосын мінез танытпауын тілеп отыр екен.

Талқылау