Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері арзандады

Енді Астана тұрғындары мен қонақтары көрме билеттерін тиімді бағамен сатып ала алады.

2733970

Фото: Ксения Воронина

15 шілдеден бастап ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттік бағдарламасына өзгерістер енгізіліп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“1-10 шілде аралығында Астана күніне орай біз бірқатар акция өткіздік. Осы акциялардың ішінде “Жастар билеті” мен “Кешкі билетке” сұраныс жоғары болды. Бүгінге күнге дейін жастар билетін 50 мыңнана астам, ал кешкі билетті 40 мыңға жуық адам пайдаланды. Көрмеге келушілер арасындағы қызығушылықты ескеріп, біз тағы да жеңілдіктер жасауды шештік”, — деп мәлім етті бүгін баспасөз мәслихатында “ЭКСПО-2017 Астана” ҰҚ” АҚ коммерциализация департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.

Әу бастан ЭКСПО көрмесінің 4 билет түрі қарастырылған болатын. Жұмыс күндері 4 мың және 6 мың теңгелік билет, ал демалыс күндері үшін 6 мың және 8 мың теңгелік билет түрі болды

“Енді біз тек 2 билет түрін қалдырамыз — бағасы 4000 теңгелік кіру күні белгілі билет және 6000 теңгелік кез келген күні кіруге мүмкіндік беретін билет. Осылайша, демалыс күндерінің билеті болмайды”, — деді ол.

Бұдан бөлек, кешкі билеттер сатылады, олардың бағасы екі есе арзан — 2000 теңге. Осы ретте азаматтардың кейбір санаттары үшін қарастырылған 50 пайыз жеңілдік сақталады. Айталық, енді мектеп оқушылары мен зейнеткерлер 1000 теңгеге көрмеге кіре алады.

Сондай-ақ, бүгінге күнге дейін 6 және 8 мың теңгелік  демалыс күндерінің билетін алып қойғандар үшін де  жеңілдіктер қарастырылып отыр.

“Кіру күні белгіленген билет алғандар кассада 1000 теңге қосымша төлеп, кез келген күнге екінші билет сатып ала алады. Ал датасы ашық билет алғандар осы билет арқылы көрмеге екі рет кіре алады. Яғни, сол күні екі рет көрмеге кіре алады немесе билетті басқа күні екінші рет пайдалана алады”, — деп хабарлады Еркімбаев.

Сатылымдағы абонементтердің бағасы да арзандамақ. Олардың бастапқы бағасы 50 мың теңге болған. Енді ертеңнен бастап бұл абонементтер 25 мың теңгеге сатылады.

“Абонементке де билетке секілді 50 пайыз жеңілдіктер қарастырылған. Осылайша, оқушылар мен зейнеткерлер абонементті бар болғаны 12,5 мың теңгеге сатып алу мүмкіндігіне ие. Бүгінгі күні көрменің жартысы дерлік өтіп кетті. Көрмені сапалы көріп шығу үшін 5 күн керек. Осыған орай біз осындай арнайы акциялар өткізіп жатырмыз”, — деп атап өтті департамент директоры.

Тағы да оқыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев махаббат туралы өсиет әңгіме айтып берді

Қазақстанда азаматтарды уақытша тіркеу ережесіне өзгерістер енгізілді

Қазақстандықтар Конституция күні мен Құрбан айт мерекесіне орай қай күндері демалады

Астанадағы тұрғын үйде болған өрттен қаза болғандардың кім екені анықталды

Талқылау