Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарихи сәт: Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы қалай өтті? (видео)

Астанада биылғы жылдың басты жаңалығы – ЭКСПО көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрменің ашылу салтанатын желі арқылы тамашалаған әлем халықтары Қазақстанға сәлем жолдап, еліміздің әсем астанасын көргісі келетіндерін жазып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18948125_268318403576542_1469837142694821888_n

2017 жылдың 9 маусымы Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылады. Дәл осы күні елімізде тұңғыш рет халықаралық көрменің тұсауы кесілді. Көрменің ашылу салтанатына 17 мемлекеттің басшысы келді.

Конгресс Орталығында өткен кеш барысында мультимедиялық шоу көрсетіліп, елорда халқы мен қонақтарын тамсандырды. Концерттік бағдарлама барысында бас-аяғы 300 өнерпаз өнер көрсетті.

Қойылымда кинетикалық декорация, жарықдиодты экран, трекингі бар проекторлық жүйе мен қашықтықтан басқарылатын дрон сынды соңғы үлгідегі сахналық инновациялық технологиялар қолданылды.

Желідегі пікірлерге қарасақ, тікелей эфирді тек қана қазақстандықтар емес, шет мемлекеттердің азаматтары тамашалаған.

«Қазақстанға сәлем! Өте әдемі, сіздерді Воронеж тамашалап отыр, Астананың бұрынғы тұрғынымын», – деп жазады Зинаида Марьянова есімді қолданушы.

20170610084703

«Германия да көріп отыр. Отаным – Қазақстанды сүйемін. Көрмені өз көзімен тамашалап отырған жандардың қандай күйде екенін тіпті, елестете алмаймын», – дейді Нелли Гис.

«Қазақстан халқы мен президент Нұрсұлтан Назарбаев жасасын», – деп ақ тілегін жолдады Александра Тихонюк.

Дмитрий Каштанов болса: «Өте әдемі, сырты да іші де, жарайсыңдар, қазақтар біз сіздермен біргеміз», – деп тамсанды.

Лондон тұрғыны Людмила Фалко Қазақстанға алғысын жеткізіп: «Өмірімдегі естен кетпес жылдар осы елде өтті. Сағынамын, сіздерге бар жақсылықты, ең бастысы, бейбітшілікті тілеймін», – деді.

Бұдан өзге де көптеген алыс және жақын шетел тұрғындары Қазақстан туралы жағымды пікірлерін жазып жатыр.

20170610084720

Жіберіп алмаңыз:

Тұрсынбек Қабатовтың қызы ЭКСПО-ның ашылуында өнер көрсетті (видео)

Футболдан ӘЧ-2017: Қазақстан әртістері Сербия құрамасын жеңіп, финалға шықты (видео)

Қайрат Нұртас Ресей әртістерімен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті (видео)

Бейсен Құранбек өзіне уыс-уыс ақша ұсынған таксист туралы айтып таңғалдырды

Талқылау