Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-2017 көрмесіне қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды

ЭКСПО-2017 басшылығы Қазақстан көрмеге қанша қаржы жұмсағанын жариялады.

2490148

Бұл туралы Sputnik хабарлады.

“Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов көрмеге шамамен қанша қаржы жұмсалған жариялады. Нақты сома кейін хабарланатын болады.

“Бұл жоба қаншаға түскенін айту әлі ерте. Оны міндетті түрде айтамыз. Бірақ бүгінгі күні шамамен 400 миллиардтан астам қаражат жұмсалғанын айта аламыз. Бұған нысандарды құрылысы, іс-шаралар, бәрі кіред”, —  деді Есімов баспасөз мәслихатында.

10 маусымда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі Астанада есігін айқара ашты. Көрме үш ай бойы 10 қыркүйекке дейін жұмыс істейді. Көрменің тақырыбы – “Болашақ энергиясы”. Ол баламалы энергия көздері, “жасыл” технологиялар және экологияны сақтап қалу мәселелеріне арналған. Көрмеде әлемнің үздік технологиялары мен тәжірибесі, баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы жетістіктер паш етіледі.

115 мемлекет, оның ішінде АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея секілді елдер бар, сондай-ақ 22 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмеге қатысатынын ресми түрде растады.

Жіберіп алмаңыз:

Тарихи сәт: Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы қалай өтті? (видео)

 Тұрсынбек Қабатовтың қызы ЭКСПО-ның ашылуында өнер көрсетті (видео)

Астана төрінде “ЭКСПО-2017” көрмесі салтанатты түрде ашылды (видео)

Қайрат Нұртас Ресей әртістерімен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті (видео)

Талқылау